Nokia және Beeline Қазақстанда 4G стандартында мәліметтерді мобильді жолдау қызметін іске қосады

Nokia, «VimpelCom» халықаралық холдингінің Қазақстандағы бөлімі болып табылатын Beeline операторына, абоненттердің мәліметтерді жоғары жылдамдықта оңтайлы жолдау қызметтеріне деген артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін 4G LTE стандартты желісінің сынама телімін іске қосуға көмектеседі.

Бейнежазбаны ағынды жолдау, онлайн ойындар және Интернет-беттерін қарау сияқты 4G-дің оңтайлы кең ауқымды қосылудың жүйрік қызметтеріне бірінші болып Орал және Ақсай қалаларындағы абоненттер қол жеткізеді. Beeline Қазақстан үшін 4G желілерінің қызметін барынша тез іске қосу Nokia-ның кәсіби қызметтер саласындағы бірегей тәжірибесінің және Flexi Multiradio базалық станцияларының бағдарламалық қамтамасыз етуді 4G-мен қолдау көрсету арқылы жетілдіруінің арқасында мүмкін болды, бұлар 2G/3G стандарты үшін Beeline желісінде орнатылып үлгерген болатын.

Шешім туралы қысқаша

  • Nokia-ның жоспарлау және желілерді оңтайландыру жөніндегі қызметтері
  • Лайықты марапаттардың, сыйымдылығы жоғары Flexi Multiradio 10 ықшам базалық станцияларының негізіндегі 4G стандартты Single RAN радиохабар таратудың біртұтас желісіне арналған шешім

Александр Григорьев Beeline-ның Бас Операциялық Директоры: «Тәжірибенің және Nokia-ның инновациялық технологияларды пайдалануының арқасында біз абоненттерімізге аса жылдам оңтайлы кең ауқымды қосылудың және қызмет көрсетудің недәуір жоғары сапасының барлық артықшылықтарын ұсына отырып, өзіміздің 4G LTE стандартты сынама желісін іске қосуды жеделдете алдық» деп мәлімдеді.

Эрнст Нассл (Ernst Nassl), Nokia-ның Түркия және Орта Азия аймағындағы директоры: «Біздің Flexi Multiradio базалық станцияларының негізіндегі шешіміміз шығын жұмсаудың көзқарасы тұрғысынан 2G/3G-ден 4G LTE-ге ауысуда ерекше тиімді болып табылады және біз Қазақстандағы абоненттерге жылдамдығы жоғары 4G қызметтерін ұсыну үшін қолдана алатынымызды мақтан тұтамыз» деп атап көрсетті.

Қызықты деректер

4G LTE желілерін іске асыру үшін 315 оператор Nokia-ны таңдады; компания бүкіл әлем бойынша 5 миллиардтан астам адамға қызмет көрсететін операторларды ға жабдықпен қамтамасыз етеді.

Nokia


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24