Beeline клиенттері Наурызда құттықтауға жарты миллион гигабайт пайдаланды

Қазақстандықтар қатарынан екінші жыл Наурызда мобильді интернетті тұтынуды екі есеге арттырды. SMS-тер мен қоңыраулар саны айтарлықтай өскені көрінбейді.

Мобильді интернет

Көктем мен молшылық мерекесінде абоненттер құттықтаулар мен виртуалды сөйлесуден үнем жасамады. Жетекші data-оператордың трафик көлемі 2016 жылғы Наурыз күндері 518 723 гигабайтты құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2,5 есеге артық (2015 жылы абоненттер мерекелік үш күнде 216 789 гигабайт тұтынған болатын). Мұнда танымал мессенджерлерді қолданудың өсуі 88%-ды құрады.

Дауыстық қызметтер

Beeline клиенттері көп сөйлесетін болды. Мереке күндеріндегі сөйлесу ұзақтығы өткен жылмен салыстырғанда 15,5 млн минутқа өсті, бірақ қоңыраулар саны сақталып қалды. Осы жылы дауыстық қоңыраулардың ұзақтығы 253 миллиард минутты құрады.

Мәтіндік хабарламалар

Наурыз күндері 21 Наурыз бен 23 наурыз аралығында 6 654 834 хабарлама жолданды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1 миллион хабарламаға артық.

«Мереке күндері мобильді интернетті тұтыну көрсеткіштері жыл сайын екі есеге артуда. Қолайлы топтамалардың арқасында қазақстандықтар қазір трафикті үнемдемейді және жақындарын ерекше әдістермен құттықтайды. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде электронды ашық хаттармен, фотосуреттермен, сонымен қатар бейне жазбалармен және дауыс жазбаларымен алмасады. Бұл — құттықтауларды бұрынғыдан да ыстық жеткізеді, мерекелік демалыстарда жарқын сезімдермен бөлісу мүмкіндігін береді. Ал, 4G-ді іске қосқан соң, мереке күндері интернетті қолдану 3 – 4 есеге артады деп ойлаймыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь пікір білдірді.  


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24