Beeline Қазақстан Оралда ерекше балалар үшін интернетке қосылу мүмкіндігін ашты

Beeline Қазақстан Орал қаласындағы зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатты интернетке қоса отырып, «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық әлеуметтік бастамасын жалғастыруда.

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат, Қазақстанның 13 қаласындағы әлеуметтік нысандарды тегін ұшқыр интернетпен қамтамасыз еткен қайырымдылық жобасының 17-нысаны болды. Мектеп тарихы 1963 жылдан басталады. Қазіргі таңда онда мүмкіндігі шектеулі 295 бала оқып, тәрбиеленуде. Олардың ішінде 152 бала – туғаннан жарымжан.

«Ділі ауытқыған балаларды ерекше деп атайды. Бұл ауытқуларды түзету – күрделі үрдіс, оның өз ерекшеліктері бар. Мұндай баланың дамуында жіберіп алуға болмайтын маңызды сәттер бар. Әдетте, әдістемелер хоббитерапия, музыкатерапия, ептілік пен дағдыны көрсету сайысы тәрізді ерекше балаларды бейімдеудің қызықты және әсерлі әдістерін қамтиды. Енді, Интернеттің арқасында, біз балаларды қол жетімді ақпараттық технологияларға – дидактикалық ойындарға, компьютерлердегі сынақтамаларға, әдіснамалық және шығармашылық сабақтарға тарту мүмкіндігіне ие болдық. Бұл біздің тәрбиеленушілерімізді әлеуметтендіруге және дамытуға жағдай жасайтыны даусыз», — деп Зердесі бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың директоры Бауыржан Әбдрахманов пікір білдірді.

«Көптеген жандар үшін интернет – бұл ойын-сауық. Біз, интернет өткізуші ретінде, жаһандық желінің қоғам үшін пайдалы болғанын және әлеуметтік бағыттағы ресурс болғанын қалаймыз. Біздің қайырымдылық жобамыз, мұның даму ауытқушылығы бар балаларды үйрету мен ыңғайлы бейімдеуге арналған орта екенін, жаңа идеялар мен тәжірибелерді іздеуде жәрдемші екенін, қайырымдылық істерде «іргетас» екенін дәлелдейді», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік сату директоры Рауан Қабдрахимов өз пікірін білдірді.

Beeline Business корпоративтік брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы 2014 жылы басталды. Жоба шеңберінде Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Тараз және Орал қалаларынан 17 мекеме тегін интернетке қосылды. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») жаһандық әлеуметтік жобасының көшбасшысы болды. 2016 жылы бағдарламаға бүкіл Қазақстаннан тағы 10 ұйымды қосу жоспарланып отыр. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24