Beeline «Время» газетінің сайтына тегін қосылу мүмкіндігін ашты

Beeline Қазақстан «Время» қоғамдық-саяси газетінің www.time.kz сайтына тегін қосылу мүмкіндігі ашылғанын хабарлайды.

«Время» газетінің бірінші нөмірі 1999 жылы 20 мамырда жарыққа шыққан. 2009 жылы www.time.kz сайты ашылды. «Время» газеті күн сайын және апта сайын шығады. Қоғамдық-саяси ақпараттық-жарнамалық газеттердің арасында баспаның тиражы ең көп болып табылады және 130 000 дананы құрайды. www.time.kz ресурсы Қазақстан Республикасындағы баспалық БАҚ сайттары арасында ең танымал және ең көп қаралатын ресурс болып табылады.

«Біз оңтайлы бағаға немесе бонус түрінде өнімдер мен қызметтердің көптеген түрлерін клиенттерімізге ұсынуға тырысамыз. Қазақстандағы ірі БАҚ сайтына тегін қосылу мүмкіндігін ұсыну – бұл бірегей қосымша қызмет, Қазақстанда және көптеген ТМД елдерінде оның баламасы жоқ. Еліміздегі ең үлкен баспамен бірлесе жұмыс істеу Open Media жобасының сәтті жүзеге асып жатқанын көрсетеді. www.time.kz сайтына тегін қосыла отырып, клиенттеріміз кез келген уақытта және кез келген жерде смартфоннан немесе планшеттен Beeline желісінде өзінің ақпараттық қажеттілігін оп-оңай қанағаттандыра алады деп үміттенеміз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Коммерциялық директоры Евгений Настрадин пікір білдірді.

Тегін қосылу мүмкіндігі роумингте берілмейді, жобаның таралу аймағы – Қазақстан Республикасы. Бұл шарттар internet.beeline.kz немесе M-internet қосылу нүктелерінде әрекет етеді. Қосымша ақпаратты www.beeline.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінен білуге болады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24