HACKDAY 2016 инновациялық идеялар фестивалі аясында ALMATYTECHGARDEN Автономдық кластерлік қоры TechGarden Акселерация бағдарламасына қатысатын корпоративтік секторға арналған 10 жобаны іріктеп алды

AlmatyTechGarden Автономдық кластерлік қоры Халықаралық ақпараттық технологиялар университетімен бірлесе отырып 2016 жылдың 1-2 мамыр күндері аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен өткен HackDay 2016 іс-шарасын ұйымдастырды.

HackDay фестивалінде командалар 24 сағат ішінде жобаны идеядан бастап оның прототипіне дейін жасап шығаруы тиіс. Оған бағдарламашылар, кәсіпкерлер, дизайнерлер, жобалаушылар, маркетологтар мен PR-мамандар, сондай-ақ, өз интернет-жобасының идеясы бар болса да, оны жүзеге асыру үшін әлі командасы жоқ адамдардың барлығы қатыса алады.

Биыл Almaty Tech Garden тұңғыш рет «Smart Tech & Solutions» секциясында копоративтік секторға арналған тапсырмаларды ұсынды. Келесі компаниялар осы секцияның серіктестері болып табылады: IBM, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Алматы қаласының әкімдігі, «Астана Банкі» АҚ, «Зерде» Ұлттық телекоммуникациялық холдингі» АҚ, «DAMU Logistics» АҚ, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, «Astana Innovations» АҚ, «Halva Loyalty» ЖШС, «Dostyk Plaza» СОСО.

«Smart Tech&Solutions» секциясының бірінші күнінде FinTech және E-commerce саласындағы халықаралық сарапшылар – «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының (Almaty Tech Garden) портфолио менеджері Леонард Бари (АҚШ), сондай-ақ, Idea Wave Labs Pte. Ltd. аға серіктесі және сериялық кәсіпкер Крис Джордж (Үндістан) «Technology and Trust: Driving Adoption in FinTech» және «The Rise of Mobile Wallets, as a Consumer Marketing Tool in India» тақырыбына арналған шеберлік сабақтарын өткізді.

Фестивалдің ашылу салтанатына орай өткізілген баспасөз мәжілісінде Idea Wave Labs Pte. Ltd. халықаралық инвестициялық холдингінің өкілі Крис Джордж келешегінен мол үміт күттіретін қазақстандық стартаптарға инвестиция құюға мүдделі екендігін, сондай-ақ, осы бағытта AlmatyTechGarden ұйымымен тығыз ынтымақтастықты құруды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Секция қатысушыларына ақылды және қаржылық технологиялар саласындағы 52 технологиялық тапсырма ұсынылды. Байқаудың іріктеу кезеңінде өтінім жіберген 70 жобаның ішінен питч-сессияға қатысу мүмкіндігіне 50-ден астам команда ие болып, олар қазылар алқасының 20 мүшесінің алдында өздерінің жобаларын таныстырды. Технологиялық серіктестер ең қызықты деген бизнес-идеяларды таңдап алып, келесі командаларды марапаттау туралы шешім қабылдады:

  1. «HALVALoyalty» компаниясының 50 000 тг. тең бонустық картасы — «IO» компаниясына;
  2. «Қазкоммерцбанк» АҚ-да жобаны жүзеге асыруға арналған келісімшарт — «FavellaGroup» командасының «Купим вместе» жобасына;
  3. «Қазкоммерцбанк» АҚ-да жобаны жүзеге асыруға арналған келісімшарт және 500 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай жүлде — «Пепятка» командасының «VKFaceDetector» жобасына.

Жобаларды ендіру мүмкіндігіне қатысты келіссөздерді жалғастыру жайында кейбір командалармен уағдаластықтар жасалды.

AlmatyTechGarden-нің Акселерация бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алған жеңімпаздар келесі:

  1. MOL;
  2. Code Executors;
  3. Favella Group;
  4. Samanta;
  5. Оңай Solutions;
  6. Yet another team;
  7. Grand Master;
  8. IO;
  9. Pepyatka;
  10. Smart Tank.

Марапаттау салтанатында AlmatyTechGarden «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының бас директоры Санжар Кеттебеков «SmartTech&Solutions» секциясының жеңімпаздары «Стартап Қазақстан» бағдарламасына қатысатын үміткер бола алатындығын жеткізді. Аталған бағдарламаның бір бөлігі Almaty Tech Garden базасында және Кремний алаңында (АҚШ) өтетін халықаралық акселерация бағдарламасы болып табылады.

«Стартап Қазақстан» бағдарламасы биыл маусымда Almaty Tech Garden базасында іске қосылмақ, оның аясында 3 айға созылатын халықаралық акселерация бағдарламасынан өту, сондай-ақ, Кремний алаңында тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. «Стартап Қазақстан» ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.), сондай-ақ, «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. 2020 жылға дейін 500 стартап-жобаны, оның ішінде халықаралық жобаларды тарту көзделіп отыр. Сонымен қатар, кластердің стратегиялық міндеттерінің ішінде трансұлттық компаниялармен бірлесе Технологиялық даму орталықтарын құру бар. Халықаралық технологиялық серіктестердің, оның ішінде Google компаниясының қатысуымен және де McKinsey & Company компаниясымен бірлесе отырып Тау-кен металлургиялық кешенге арналған тұңғыш Біліктілік орталығын іске қосу 2016 жылға белгіленіп отыр. Орталық басты назарын тау-кен металлургия секторына 4.0 индустриясының технологияларын және де «ұқыпты өндіріс» қағидаларын ендіруге шоғырландырмақ. 2017 жылы Жаңа материалдар мен бейімделме технологиялар, Ақылды технологиялар, Қаржылық технологиялар жөніндегі орталықтар іске қосылады деп жоспарланған.

Almaty Tech Garden қызметі болашақ секторларды дамыту үшін және де жаңа экономиканың бірнеше бағыттарын қалыптастыру үшін іргетасты қалауға бағытталған. Бүгінгі күні кластердің құрамында «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА-да тіркелген 155 компания бар. Өткен жылдың соңында іске қосылған Almaty Tech Garden инкубаторы келесі айда акселерация бағдарламасынан өтіп, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның гранттық қолдауына ие болған 17 стартап-компанияның бірінші легін шығармақ. Түлектердің ішіндегі 5 стартап жекеменшік инвестицияларды тарта алды немесе осы жөнінде келіссөздер жүргізуде.

Акселерация бағдарламасы қатысушыларға өнім мен бизнесті дамытуға, зияткерлік меншікті қорғауға арналған стратегияларды, сондай-ақ, қаржылық және инвестициялық стратегияларды дайындап, техникалық құрылымды дайындау және заңгерлік қолдауды қамтамасыз ету жөнінде тренингтерден өтуге мүмкіндік береді. Жобалармен жұмыс жүргізу үшін шетелдің жетекші сарапшылары, венчурлық қорлары, тәлімгерлер мен «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қорының технологиялық серіктестері тартылып отыр. Акселерация бағдарламасы «Ақылды индустрия», «Жаңа материалдар», «Қаржылық технологиялар», «Ақылды орта», «Жаңа энергетика және таза технологиялар» секілді кластерлерге бөлінген. 

IBM Google


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24