Beeline Қазақстан «Тамғалы Тас» байқауында 4G байланысын ұсынды

Beeline Қазақстан Алматы облысындағы Іле өзенінің саласында, танымал «Тамғалы Тас» байқауы өтіп жатқан кезде, 4G желісі таралған арнайы сынақтық аймағын ұйымдастырды.

Жыл сайын әртүрлі мәдени және спорттық шаралар өтетін байқауға шамамен бес мың адам келеді. Жер бедерінің ерекшелігіне және қашықтығына байланысты, мұнда ұялы байланыс желісі жоқ, бірақ арнайы осы іс-шара үшін Beeline мобильді базалық станция орнатып, 4G желісінің таралуын қамтамасыз етті.

«Қажет жерде байланыс ұсыну біз үшін маңызды. Осындай әдемі, әрі ерекше жерде байқау қонақтары байланыста болып, әлеуметтік желілерде сөйлесу және туыстарына қоңырау соғу мүмкіндіктеріне ие болғаны үшін қуаныштымыз. Байқау өтіп жатқан кезде, Beeline клиенттері 22 ГБ-тан артық тұтынып, 420 сағаттан артық дауыстық трафик пайдаланды. Бізге және клиенттерімізге қызықты тәжірибе және біз, осы бағытта ары қарай дамымақпыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметінің директоры Алексей Бендзь өз пікірін білдірді.

Тамғалы Тас Алматы қаласынан солтүстікке қарай 120 шақырым жерде, Іле өзенінің саласында. Жартастарда көптеген петроглифтер, суреттер, будда жазулары сақталған Байқау барысында Іле-Балқаш кемелер жарысы мен шыңға шығу бойынша жарыс өтті, сонымен қатар Киіз үйлер, қолөнершілер нарығы, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24