Beeline Қазақстан табыс бойынша нарықтағы үлесін, мәліметтерді жолдау түсімін және сымды интернеттің барлық негізгі көрсеткіштерін арттырды

2016 жылы бірінші тоқсанда Beeline Қазақстан өз желісіндегі интернет-трафиктің өсуі рекордтық деңгейге жеткенін көрсетті, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 127%-ға артып, оның көлемі 15 млн. Гб-ты құрады. Осы қызметтен түскен пайда, былтырғы жылмен салыстырғанда 6%-ға жоғарылады. Компания EBITDA бойынша нарықтағы үлесін 3,9 п.п-ке көтерді, бұл — шығындардың тиімді басқарылуын және бағаның дұрыс құрылуын көрсетеді. Сымды интернет бизнесінің табысы, түсімі және абоненттер саны өсті. Компания 4G желісінің құрылысын белсенді түрде жүргізуде, 2015 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда капиталдық инвестиция 210%-ға артты.

«Телекоммуникация радикалды өзгеріс кезеңін өткеруде. Нарықтың құлдырауы тоқтар емес, оның өсуін бастау үшін, салада жүйелік қайта құрылу қажет. Beeline трансформациялану стратегиясын ұстануда, ол шығындармен тиімді жұмыс істеуді арттыруға және бизнестің жаңа бағыттарын – мобильді қаржыны, конвергентті қызметтер мен ойын-сауық контентін дамытуға бағытталған. Еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа 4G желісінің құрылысы жүргізілуде. Алматыда, Астанада, Оралда және Ақсайда LTE кең көлемді сынақтама аймақтары іске қосылды. Жазда біз, 8 қалада бұл қызметтің коммерциялық пайдаланылуын іске қосамыз, еліміздің негізгі қалаларын 4G желісімен жедел қамту жоспарымызда бар», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойымен бөлісті.

2016 жылы 1-тоқсанда компанияның табысы 28 723 млн. теңгені құрады. Мәліметтерді жолдау сегментінің түсімі, өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өсті. EBITDA көрсеткіші 11 119 млн. теңгеге тең, EBITDA маржиналдылығы 38,7%-ды құрады. Клиенттер саны 9 179 мыңға жетті.

Beeline клиенттері компанияның қызметтерін көптеп қолдануда. Орта есеппен, бір абонент айына 299 минут сөйлеседі, былтыр бұл көрсеткіш 273 минутты құраған. Интернетті орташа тұтыну 144%-ға жоғарылап, 1’011 мегабайтты құрады. Қызметтер құны әдеттегідей төмендеуде. Есепті кезеңде, компания клиентінің орташа шоты 10%-ға төмендеп, 806 теңгені құрады, бұл көрсеткіш былтыр 899 теңгеге тең болатын.

Бірінші тоқсанның негізгі оқиғасы — 4G желісі құрылысының басталуы болды. Компания жаңа буын байланысына қажетті лицензиялар мен қосымша жиіліктер құнын төледі. 8 наурызда Алматыда (таралымы ~10%), Ақсайда және Оралда (таралымы ~40%) LTE сынақтық аймақтары іске қосылды. 11 мамырда Астана тұрғындары мен қонақтары 4G байланысын сынақтан өткізу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Есепті кезеңде компания сымды интернет сегментінің негізгі көрсеткіштерінің қарқынды өскенін көрсетті. Түсім 6%-ға артты, клиенттер саны 21%-ға жоғарылап, 463 мыңға дейінгі қосылуды құрады. «Әрдайым» тарифтік жоспарларының жаңартылған қатары іске қосылды. Көктемгі бастама шеңберінде, жылдамдығы секундына 80 және 100 Мбитке дейін жететін тарифтік жоспарлардың құны төмендеді, ал ұсыныс шарты интернеттің құнын «Үйдегі Интернет» қызметін қолданудың барлық кезеңінде өзгеріссіз қолдануға мүмкіндік береді.

«Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобасының аясында, компания Қызылорда қаласындағы облыстық Есту мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектепке және Тараз қаласындағы Қ. Сарымолдаев атындағы балалар үйіне жылдамдығы жоғары шексіз интернетті сыйға тартты. Аталған мекемелер республикалық бастаманың 15-ші және 16-қатысушылары болып табылады, жобаның арқасында Қазақстаның барлық жеріндегі 4000-астам оқушы мен кітапханалардың 5000-астам зағип оқырманы интернетке қол жеткізді.

BEELINE Қазақстан, млн теңге

1 кв. 16

1 кв. 15

2016/2015

Жалпы табыс

28 723

30 284

-5,2%

EBITDA

11 119

14 981

-25,8%

EBITDA маржа, %

38,7%

49,5%

-10,8 п.п.

Capex

3 838

1 239

210%

Mobile

 

 

 

Абоненттер ('000)

9 179

9 587

-4,3%

ARPU (теңге)

806

899

-10,3%

MOU

299

273

10%


 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24