Beeline Қазақстанның техникалық орталығында кең көлемді оқу-жаттығу өтті

Beeline Қазақстанның Алматыдағы бас кеңселерінің бірі — компанияның техникалық орталығында жер сілкінісі және өрт кезіндегі эвакуция бойынша оқу-жаттығу өтті. Жаттығу Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментімен бірге өтті.

Жаттығу сценариі бойынша Алматыда жер сілкінісі болады, соның салдарынан Beeline Қазақстанның техникалық орталығы айтарлықтай қирайды және электр сымдары тұйықталып, кеңседе өрттің шығуына алып келеді. Компанияның 3 қызметкері ғимаратта қамалып қалып, 4 қызметкер әртүрлі жарақат алады.

Жаттығу барысында өрт сөндірушілер құрамы ғимараттың екінші және үшінші қабаттарына көтеріліп, шартты өртті сөндіруге және зардап шеккендерге көмек көрсетуге кірісті. Арнайы дайындалған топ алғашқы медициналық көмек көрсетіп, тонау фактілерінің алдын алды.

қызметінің жедел әрекет ету командасы үйінділердің астында қалған зардап шегушілерді құтқару және оларды қауіпсіз аймаққа шығару жұмыстарын жүргізіп, жұмысшыларға дәрігерге дейінгі бірінші көмек көрсетті және өрт сөндіру шараларын іске асырды. Жаттығу барысында компанияның 500-астам қызметкері ғимараттан шығарылды.

Шартты төтенше оқиғаны жоюға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше техникасы, бір жедел жәрдем бригадасы мен өрттен құтқару отрядтары жұмылдырылды.

«Жаттығу өтетін орын кездейсоқ таңдалған жоқ — компания үшін Beeline-ның техникалық орталығының стратегиялық маңызы зор. Одан бөлек, ғимарат адамдар көп жиналатын нысан болып табылады — мұнда 600-астам қызметкер жұмыс істейді, сол себепті, нысандағы әртүрлі төтенше жағдайлардың алдын алу, жұмысшылардың эвакуация шараларын орындауға дайындығын тексеру және тәжірибелік дағды жинау мақсатында, ауық-ауық осындай жаттығуларды өткізіп тұру, аса маңызды», — деп Beeline Қазақстанның Бас операциялық директоры Александр Григорьев түсіндіріп өтті.

«Beeline Қазақстан кеңселерінде жиі-жиі бірлескен оқу-жаттығу өтіп тұрады. Компания қызметкерлерінің арасында, әртүрлі ТЖ қаупі туындағанда және ТЖ орын алғанда, өзін қалай ұстауы керек екені туралы жоспарлы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жүйелі дайындық жұмыстарының және тамаша ұйымдастырылған жұмыстардың арқасында оқу-жаттығу аса жоғары деңгейде өтті. Алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткіздік», — деп Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, полковник Бейбіт Еңсебаев өз ойымен бөлісті. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24