Beeline абоненттері World Of Tanks ойынында 15%-ға дейін бонус ала алады

Beeline Қазақстан Wargaming компаниясымен бірге өткізілетін бірегей науқанның басталғаны туралы хабарлайды. Beeline абоненттері World Of Tanks ойынында ұялы телефонның теңгерімінен шотын толтырып, ойын алтыны түрінде 15%-ға дейін бонус ала алады.

World of Tanks — бұл көп адам ойнай алатын кең ауқымды онлайн ойын, ол толықтай ХХ ғасырдың ортасындағы брондалған машиналарға арналған. Ойыншылар әлемдік танктік үстемдікке өз наразылықтарын білдіре отырып, жер шарының түкпір-түкпіріндегі болат алыптардың табынушыларымен иық тіресе отырып соғысу мүмкіндіігне ие болады.

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі директоры Алексей Бендзь бастама туралы өз пікірін былай білдірді: «World of Tanks – кең таралған сәтті онлайн ойындардың бірі, Beeline клиенттерінің арасында осы ойынның көптеген табынушылары бар екеніне сенімдімін. Барлық танкисттерге ерекше мүмкіндіктер сыйлағанымызға ерекше қуаныштымыз және алдағы уақытта танымал ойын-сауық контентінің жабдықтаушыларымен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз».

money.beeline.kz төлем сервисінің ресурсында Beeline клиенттері 150-астам сервистер мен қызметтердің ақысын төлей алады. Бірегей төлем қызметі бойынша Beeline Қазақстанның серіктестері келесі компаниялар болды: Wargaming.net (World Of Tanks), «Билайн» (Ресей), «МТС» (ресей), «Радиобайланыс», «Chocolife.me», «Besmart», «Alfa.kz», «Колёса», «Крыша», «Tiketon», «Avon», «Oriflame», «Faberlic», «Mary Kay», «Гол+Пас», «Olimp», «Tennisi.kz», «Profit», «Alma TV», «Otau TV», «Icon», «Алсеко», «Астана Газ Сервис», «Домофон-Сити», «Аларм Сервис» және «ИС Параграф».

money.beeline.kz төлем қызметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген лицензиясы бар электронды ақша серіктес-операторларының және Қазақстан Республикасының өкілетті банктерінің қатысуымен ұсынылады. Қосымша ақпаратты www.beeline.kz сайтынан немесе money.beeline.kz төлем қызметінің ресурсынан білуге болады.  


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24