Beeline абоненттері үшін шет елде шексіз WhatsApp

Beeline Қазақстан 31 мамырдан бастап компания абоненттері шет елге саяхатқа шыққанда, роумингтің «Супервиза L» немесе «Супервиза XL» қызметтерінің бірін қоса отырып, WhatsApp мессенджеріне шексіз қосылу мүмкіндігіне қол жеткізе алатынын хабарлайды. Мұндай жағдайда, қызметтің құны өзгермейді.

«Супервиза L» қызметімен роумингте күн сайын 20 минут, 20 SMS және 20 МБ алуға болады, ал «Супервиза XL» қызметінде он күнге 100 минутқа, 100 SMS-ке және 100 МБ-қа дейін алуға болады. Оған қоса, қызметтер аясындағы WhatsApp мобильді қосымшасы 0 тг/МБ бойынша тарифтеледі (мәтіндік хабарламалармен, суреттермен және бейнежазбалармен алмасу кезінде). Қызметтерді алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің абоненттері ТМД-ның, Еуропаның және Азияның 60 елінде пайдалана алады.

«WhatsApp еліміздегі ең танымал мессенджерлердің бірі. Ол шамамен барлық смартфонға орнатылған және оны қолданушылар саны өткен жылы екі есе артты. Қосымшаны қолдану өте ыңғайлы және клиенттер оны белсенді қолдануға дағдыланып қалды. Енді оны клиенттер шет елге сапарға барғанда да қолдана алады. Бұрын адамдар роумингте мобильді интернетті қолдануға қорқатын. Қазір бұл оңай, әрі арзан. «Супервиза L» немесе «Супервиза XL» қызметтерін қоса отырып, WhatsApp қосымшасына шексіз қосылуға және жақындарыңызға фотосуреттер, бейнежазбалар және хабарламалар жолдауға болады», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24