Халықаралық балаларды қорғау күніне Beeline Қазақстан айрықша қажеттілігі бар балаларға интернет сыйлады

Beeline Қазақстан үйден қашықтықтан оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларға тегін интернет сыйлады.

Компанияның жаңа қайырымдылық бастамасы екі қалада басталды, олар – Атырау мен Қызылорда. Осы аймақтардағы Білім басқармасының деректеріне қарағанда, ауыр диагноздарының себебінен, шамамен 2000 мүмкіндігі шектеулі бала жалпы білім беру мектебінде және арнайы мектептерде білім ала алмайды. Сол себепті олар үй жағдайында қашықтықтан оқиды. Ұсынылған тізім бойынша Beeline Қазақстан осы қалаларда 146 баланы интернетке қосты. Науқанға қатысушылар мүгедектерге арналған жеңілдігі бар «Арнайы» тарифтік жоспары бойынша («Үйдегі Интернет» қызметінің шеңберінде) және 3G технологиясы бойынша қызметке қол жеткізді.

«Beeline «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасы бойынша, есту қабілеті нашар балаларға арналған №6 мектеп-интернатты тегін интернетке қосты. Сол кезде, әкімшіліктің атынан біз, компанияның мектептерге келе алмайтын балаларға назар аударуын өтіндік. Тек біздің қаламызда 364-астам оқушы үйден оқуға мәжбүр. Оқу қажеттілігіне арналған интернет қосылды, қол ұшын созғаны үшін Beeline компаниясына алғысымызды білдіреміз», — деп Қызылорда облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова өз алғысын жеткізді.

«Мүмкіндігі шектеулі жандардың тамаша жетістікерге жеткенінің көптеген мысалын көріп жүрміз. Оларға тек оқу мүмкіндігін жасау жеткілікті. Интернетке мұқтаж мұндай жандарға, бірінші кезекте осындай балаларға интернет сыйлағанымызға қуаныштымыз. Қазір көптеген танымдық ресурстар бар, олар адамдарға білім, кәсіп және өмірлік жолдама береді», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры өз ойын жеткізді.

«Шексіз мүмкіндіктер» қайырымдылық бастамасының аясында, Қазақстанның 13 қаласындағы әлеуметтік мәртебесі бар 18 мекеме жылдамдығы жоғары тегін интернетті қолданып жатқанын естеріңізге саламыз. Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») жаһандықө әлеуметтік бастамасының көшбасшысы болып табылады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24