Астана тұрғындары мен қонақтары Beeline ұсынған ұшқыр 4G интернетке қол жеткізе алады

Beeline Қазақстан еліміздің астанасында төртінші буын сынақтық желісі іске қосылғанын хабарлайды. LTE желісі 800 Мгц диапазонындағы жиілікте іске қосылды, бұл қызметтің кең ауқымда таралуына мүмкіндік береді.

Beeline ұсынған 4G желісінің сынақтық аймақтары осы жылы көктемде бірден үш қалада ашылды, ол қалалар: Алматы, Ақсай және Орал, қазір, мамырдың аяғында аталған қалаларға Астана қосылды.

«Beeline ұсынған 4G желісіне Астана тұрғындары мен қонақтары қол жеткізе алатынына өте қуаныштымын. Бұл интернеттің жаңа жылдамдығы, бизнес пен ойын сауыққа арналған жаңа мүмкіндік. 3G-мен салыстырғанда, 4G он есе жылдам, мұндай жылдамдықпен смартфонда немесе планшетте бейне жазба көру жаңа ләззат. Жақын айда Астанада 4G желісінің коммерциялық ашылуын бастауға ниеттіміз, сол сәттен бастап 4G бүкіл елімізге таралады.

LG Electronics компаниясымен бірге Beeline Қазақстан компаниясы Астанада бірегей сидинг ұйымдастырды. Өткен жұмада Астана пікірлері көшбасшысының ТОП-10-дығы Beeline ұсынған 4G желісінің жылдамдығын оңтүстік корея компаниясынан сыйлыққа алған LG K4 LTE смартфонында сынап көрді.

Астана тұрғындары мен қонақтарына 4G желісін қолдануды бастау үшін, жаңа USIM картасын сатып алу керек немесе Beeline-ның Сату және Қызмет көрсету кеңселерінде немесе «АзбукаСвязи» салондарында ағымдағы SIM картасын USIM картаға ауыстыру керек. Одан бөлек телефонның LTE-band 20 (800 Мгц) жиілігімен үйлесімділігін тексеру қажет. Ағымдағы SIM-картаны ауыстыру қажеттілігін және құрылғының мүмкіндіктерін *705# пәрмені арқылы тексеруге болады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24