Beeline Қазақстан мен CyberPlat бірге жұмыс істеген 10 жылының нәтижесін жариялайды

Beeline Қазақстан мен электронды төлемдердің онлайн-процессингі саласындағы қызметтердің ресейлік жетекші провайдері — CyberPlat компаниясы Қазақстанда бірге жұмыс істеген 10 жылының қорытындысын шығарды. Осы уақытта компаниялар арасындағы айналым 580 млн. АҚШ долларынан асып жығылды.

Екі компанияның бірге жұмыс істеу тарихы 2006 жылғы наурыздан басталады. Beeline, провайдер бірге жұмыс істеу туралы шарт жасасқан, Қазақстандағы алғашқы оператор болды. Екі компания серіктестігінің он жылдығы жоғары тиімділік көрсетіп, электронды есеп айырысу нарығының қарқынды дамуына ықпал етті.

Бүгінгі таңда CyberPlat жүйесі ұялы және тұрақты байланыс операторларының, интернет-провайдерлердің, коммерциялық телевизия операторларының, ТКШ саласы компанияларының, шағынқаржылық ұйымдардың және басқа да көптеген жабдықтаушылардың қызметтері үшін төленетін төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етіп отыр. Айта кету керек, ұялы байланыс қызметтерінің төлемі, ең көп тұтынылатын төлемдердің бірі болып табылады.

«Төлемдерді қабылдау көлемі бойынша нарықтағы көшбасшылардың бірі болып табылатын жетекші провайдермен серіктес болудың біз үшін стратегиялық маңызы зор. Компаниямен бірнеше жыл бірге жұмыс істегеннің арқасында біз, бөлшек төлемдерді қабылдаудың кең көлемді инфрақұрылымын құра алдық және біздің клиенттеріміз еліміздің кез келген бұрышынан ұялы және тұрақты байланыс қызметтерін төлеудің жылдам, әрі ыңғайлы мүмкіндігіне қол жеткізді», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

«Қазақстанда орнықты, тұрақты дамып келе жатқан бизнесті құрудағы компаниямыздың сәттіліктері, көп жағдайларда серіктесті дұрыс таңдаумен анықталады. Beeline компаниясымен бірге жұмыс істеген бірінші күннен бері бізді ортақ мақсаттар біріктіруде, олар: осы елде төлемдерді қабылдаудың әлеуетті және ыңғайлы инфрақұрылымын құру, жоғары технологиялық электронды есеп айырысу қызметтерін дамыту, қол жетімді және қауіпсіз төлем қызметтерінің шоғырын кеңейту», — деп электронды төлемдер жүйесінің Бас директоры Андрей Грибов өз ойымен бөлісті. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24