Beeline клиенттері Алматыда жол ақысын SMS арқылы төлей алады

Beeline Қазақстан, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық қоғамдық көлікте жол жүру ақысын SMS хабарлама арқылы төлеу мүмкіндігін ашты. Қызметтің атауы — SMS BUS

Осы қызмет арқылы төлеу үшін, Beeline клиенттеріне салонда көрсетілген көлік құралының кодын 2505 қысқа нөміріне жіберу жеткілікті. Бір хабарламаның құны Алматы қалалық қоғамдық көлік үшін бекітілген құнға сай – 80 теңге. Көліктің кодын қате жіберген жағдайда, абоненттен ақша ұсталмайды. Кодты жіберу арқылы, жолаушылар, SMS түріндегі чек алады, ол жол жүруге арналған электронды билет болып табылады. Мұндай жағдайда, Beeline клиенттеріне, алынған SMS хабарламаны сапардың соңына дейін сақтау қажет және жол ақысын төлегенін тексеру үшін бақылау қызметінің қызметкерлеріне көрсетуге міндетті.

«Бүгінгі таңда біз, қазақстандық телеком нарығындағы мобильді қаржы саласының көшбасшысымыз. Осы жылы қыста, money.beeline.kz бірегей қызметінің іске қосылғанын хабарлаған болатынбыз, оның көмегімен клиенттеріміз телефон шотындағы ақшаны қолдана отырып, қызметтердің ақысын төлей алады. Кейінірек Алматы қаласы әкімдігімен серіктесе отырып, ОҢАЙ бірыңғай көлік картасының шотын SMS арқылы толтыру мүмкіндігін іске қостық. Бүгін Beeline, байланыс операторларының арасында алғашқы болып, SMS арқылы жол ақысын төлеуге болатын бірегей мүмкіндік туралы хабарлайды. Біз телефон «теңгерімін» әмиянға айналдыру мүмкіндігін ұсына отырып, өмірдің қарапайым, әрі ыңғайлы болуына жағдай жасаймыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Коммерциялық директоры Евгений Настрадин пікір білдірді.

SMS BUS брендті техникалық шешімін қазақстандық компания «ITECO» ЖШС-і Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жасап шығарды. Бағдарламалық қамсыздандыруды жасау саласында көп жылдық тәжірибесі бар мамандар командасы, үлгі қылуға тұрарлық өнім жасап шығарды, ол жолаушыларға қоғамдық көліктегі жол ақысын төлеудің қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді.

Қызмет жеңілдік санатындағы азаматтарға арналмаған. 2505 қысқа нөміріне SMS хабарлама жібере отырып, жолаушы SMS BUS қызметін қолдану ережесімен келісетінін білдіреді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24