БЖЗҚ жаңа сайтты қолданысқа енгізді

БЖЗҚ www.enpf.kz. негізгі доменінде жұмыс істейтін жаңа сайтты қолданысқа енгізді.

2016 жылғы қаңтардан бастап жаңа сайт тест түзімінде жұмыс істеді. Осы уақытта БЖЗҚ салымшыларынан веб-сайттың жұмысын жақсартуға қатысты көптеген маңызды ұсыныстар мен түсініктемелер алынды. Ұсыныстардың барлығы ескеріліп, сол арқылы сайттың функционалдық әрі көрнекті бөліктері бұрынғыдан да ыңғайлы қолданысқа көшті.

Осыған қатысты «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дабыр Медетбеков: «Біз бұрынғы сайттың ақпараттылығын сақтай отырып, салымшыларымыз үшін Қордың барлық қызметі бойынша бұрынғыдан да түсініктірек болатын жолын жасадық. Клиенттердің қажеттіліктеріне негізделген сервис құрылды. Порталды жетілдіру жұмысы жалғасын тауып, «Жеке кабинет» пен зейнетақы калькуляторының жаңа нұсқалары әзірленіп жатыр. Осының барлығы салымшыларға қызмет көрсету деңгейін көтеруге мүмкіндік бермек. Бұдан басқа Қор мамандарының қандай да бір құралды жұмылдырмастан, сайтты толығымен өздерінің жасағанын атап көрсетуге болады», — деп түсіндіріп өтті.

Салымшылар талап еткен қызметтер қолданысқа енгізіліп, филиалдардың барлық қалалардағы орналасқан жерлері көрсетілген  интерактивті картасы енгізілді. Басты бетте БЖЗҚ қызметтеріне арналған бөлімдер бөлініп көрсетілді. Осы бөлімдер арқылы әрбір пайдаланушы зейнетақы жүйесі туралы барынша толық ақпарат алып, қажетті құжаттарды жүктей алады.   

Жалпы зейнетақы жүйесіне қатысты қажетті кеңес алу және оны түсіну үшін бірқатар онлайн-қызметтері ендірілді, солар арқылы әрбір салымшы онлайн-қоңырау соғып, зейнетақы калькуляторы арқылы өзінің болжамды зейнетақысын білумен қатар, өзін толғандыратын мәселелерге қатысты өтініштер жібере алады.

Бұдан басқа, сайттың жаңа нұсқасына «Онлайн-кеңес беруші» қызметі қосылған, мұнда кез-келген салымшы байланыс орталығының маманына зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты сұрақтарды қоя алады.

БАҚ өкілдері үшін шұғыл әрі өзекті ақпарат алу үшін «Сараптау профилі» бөлімі әзірленді, журналистер осы бөлім арқылы Қордың құзыретті қызметкерлеріне сұрақ қоя алады. Барлық сұратулар көрсетілген электрондық мекенжайға растама жіберіле отырып тіркеледі. 

Сіздер барлық ұсыныс-тілектеріңізді онлайн өтініш беру нысаны арқылы жібере аласыздар. Ал біз Сіздерге оңай, қолайлы әрі түсінікті болу үшін барлық ескертулеріңізді ескереміз.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24