Beeline Қазақстан 4G желісін в коммерциялық пайдалануға шығарды

Beeline Қазақстанда LTE жобасының коммерциялық пайдалнылуы басталғаны туралы хабарлайды. Астана күні қарсаңында Астана, Орал, Ақсай қалалары мен Бурабай курортының барлық тұрғындары мен қонақтарына сыйлық жасады.

Бүгінгі таңда Астанада 4G стандартын қолдайтын 120-астам базалық станция орнатылған және территорияның 60%-дан астамы қызметпен қамтылған. Желі Beeline Қазақстанның бас компаниясы Vimpelcom Ltd-ның жаһандық серіктесі Huawei жабдықтарында құрылған. Сондай-ақ Ақсай және Орал қалаларындағы LTE желісі коммерциялық падалнуға ауыстырлады. 2016 жылдың соңына дейін компания 11 қалада – Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда, Өскеменде, Ақтауда, Атырауда, Қостанайда, Павлодар мен Семейде, Жезқазғанда және Сәтпаевта LTE қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.

LTE (Long Term Evolution)/4G – төртінші буынды халықаралық байланыс стандарты. Бүгін ол – әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан технология. 2016 жылғы мамырдың соңына 167 елде барлығы 503 желі іске қосылды. Beeline желіні 800 Мгц жиілік диапазонында құруда, демек компания желіні кең ауқымда таратып, интернеттің ғимарат ішіне енуінің үздік сапасын қамтамасыз етеді.

Осы жылғы наурыз айынан бастап 4G желісі сынақтық режимде Алматы, Орал және Ақсай қалаларында іске қосылған. Сынақтық аймақ жұмысының барысында жабдықтардың қажетті баптауларын жасап, көптеген техникалық және сервистік мәселелерді шешті. Қазір Beeline-ның 25 000-астам клиенті 4G қызметін тұтынып, 100 терабайтқа тарта мәлімет жүктеген.

«Бұл тарихи сәт және біз осы сағатты тағатсыз күттік. Былтырғы жылдың соңғы күндерінде біз лицензия мен жиілікті алып, 6 айдың ішінде жаңа 4G желісінің құрылысы бойынша күрделі жұмыстарды атқардық. Мұның шығыны көп шара екені сөзсіз, бірақ бізқарқынды құрылыс жүргызып жатырмыз және жақын айларда еліміздің негізгі қалаларында желіні іске қосамыз. Ал 2017 жылы халықтың 70%-ын қамтуды жоспарлап отырмыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

LTE қолданушылар үшін тарифтелу 2G\3G желісіндегі сияқты жүреді. Барлық қажетті ақпаратты, 4G желісінің таралу картасын, сондай-ақ бұл стандарт туралы толық ақпаратты арнайы құрылған 4g.beeline.kz веб сайтынан табуға болады.

Қызметті қолдануды бастау үшін, SIM-карта мен құрылғының 4G қолдайтындығын тексеру қажет. Ол үшін *705# пәрменін теру керек, жауап ретінде растайтын хабарлама келеді. Егер SIM-картақолдамайтын болса, оны Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңселерінде немесе «Азбука связи» салондарында USIM картаға ауыстыру керек. Сондай-ақ, клиенттер 4G желісінің барлық мүмкіндіктерін қолдануға қолайлы құрылғыны «Азбуки Связи» салондарынан таба алады. 

Huawei


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24