Beeline Қазақстан Smart TV LG теледидарларында BeeTV қызметін іске қосты

Beeline Қазақстан және LG Electronics компаниясы бірге жұмыс істей бастағанын хабарлайды. Енді LG Smart TV теледидарын қолданушылар өтініш жолдай отырып, эфирлік телевизиясы мен бейнежазбалары бар BeeTV қосымшасына қол жеткізе алады.

BeeTV – бұл Beeline және «Үйдегі Интернет» абоненттеріне арналған 100-астам ТВ арна және 5700 фильм, телехикая мен мультфильм. BeeTV артықшылықтарының бірі – кез келген 2 құрылғыдан қосылу (Smart TV немесе смартфон, планшет).

«Біз өз қызметтеріміз бен өнімдерімізді үздіксіз жетілдіріп отырамыз және оларды мейлінше қолжетімді және ыңғайлы етіп жасаймыз. Жақында біз BeeTV топтамаларындағы арналар мен бейнежазбалар санын арттырдық және жаңа тарифтік қатарларды іске қостық. Енді Smart TV LG көрермендерін бағдарламалар мен бейнежазбаларды ешқандай приставка көмегінсіз көру мүмкіндігімен қамтамасыз еттік. Біз телекөрермендердің не қалайтынын білеміз, енді клиенттерімізге арналған арналар тізімін ары қарай кеңейте түсеміз», — деп 2Day Telecom (TM Beeline) ЖШС Бас директоры Тунгышбек Батталханов өз ойымен бөлісті.

«Қатарынан бірнеше жыл LG Electronics компаниясы Smart TV теледидарлары мен контентінің тамаша сапасын көрсетіп келеді. қазір біз Қазақстандағы жетекші телекоммуникациялық компания — Beeline компаниясымен бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз. Beeline компаниясымен тығыз жұмыс істеуіміз біздің Қазақстан нарығындағы көшбасшылық орнымызды нығайтуға көмектеседі деп үміттенеміз. Ал қолданылуы қарапайым, жаңартылған LG webOS 3.0 платформасы Қазақстанда өндірілген үздік бейнежазбалар мен фильмдерді көру барысында бұрынғыдан да ыңғайлы бола түседі», — деп LGEAK компаниясының президенті Максим Чан өз пікірін білдірді

BeeTV интерактивті қызметіне Beeline немесе «Үйдегі Интернет» абоненттері Smart TV теледидарына қосымшаны жүктегеннен кейін қол жеткізе алады. Тіркелу «Үйдегі Интернет» логині немесе мобильді нөмір арқылы жүзеге асырылады. BeeTV қызметін Netcast және WebOS жүйесі негізіндегі LG Smart TV теледидарларында қосуға болады.

Мультимедия контенті мен цифрлы телевизияға қосылуға мүмкіндік беретін BeeTV қызметі 2015 жылы сәуірде қосылған. Қызмет Wi-Fi және сымды интернет арқылы бір уақытта бірнеше құрылғыдан, соның ішінде мобильді гаджеттерден телевизия контентінзаңды түрде көруге мүмкінгдік береді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24