Елорда тұрғындары компьютер және интернет сауаттылықты арттыруға арналған тегін курстарға қатыса алады

2016 жылы 13 шілде Астана қаласында «Ғаламтор Сіз үшін/ Internet4U» жобасының ашылу салтанаты өтті. Аталған әлеуметтік жоба қазақстандықтардың компьютер, интернет және қаржылық сауаттылығын арттыруға және бизнестің қыр-сырын үйретуге бағытталған. Ұйымдастырушылар Астана қаласында маусым айында жобаны сынақтан өткізіп, астаналықтар үшін жобаның қаншалықты қажет екенін анықтады.

Қазір Астана қаласында сабақтар Internet4U кеңсесінде өткізіліп жатыр. Тамыз айынан бастап Астана қаласының бірқатар жоғары оқу орындарының базасында жобаның оқу орталықтары ашылмақ. Сонымен қатар, жаңа оқу жылынан бастап Астана мектептерінде Internet4U арнайы компьютерлік сыныптарының ашылуы жоспарланған.

Әлеуметтік жоба Алматы қаласында 2015 жылдан бастап жұмыс жасайды. Қазір жоба аясы кеңейіп, Астана және Атырау қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Жақын арада Маңғыстау облысында «Ғаламтор Сіз үшін/ Internet4U» жобасының төртінші бөлімшесі ашылмақ.

«Шеврон» компаниясы БАҚ және қоғаммен байланыс қызметінің үйлестірушісі

Айнұр Сыдықованың пікірінше, энергия қорланын өндіру саласында жұмыс істеп келе жатқан 20 жылдан астам уақыт ішінде «Шеврон» компаниясы ел азаматтарының әлеуетін арттыруға септігін тигізіп келеді. Ол – еліміз үшін жасалған игілікті істер қатарында. «Бұл жоба адамдардың жұмысқа тұруына жол ашады, халықтың өмір сүру сапасын арттырады. Компьютер мен интернетті меңгеру адамдарға көптеген мүмкіндік береді. Мәселен, қатысушылар бизнес-идеяларын жүзеге асыра алады және қосымша табыс көзіне айналдыра алады», — дейді Айнұр Сыдықова.

Internet4U жобасы халықтың компьютер және интернет (алғашқы және жалғастырушы деңгей бойынша), бизнес және қаржылық сауаттылығын («Бизнес деңгей») арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Жастарды тренер-волонтер ретінде жұмылдыру – жобаның ең маңызды артықшылығы. Жобаға волонтер-тренер ретінде 100 адам тіркелді. Волонтерлердің орташа жасы – 21. Олардың басым бөлігі – студенттер.

«Бизнес деңгейде» вебинарлар мен оффлайн тренингтер өткізіледі. Олар жеке кәсіпті дамыту мен қаржылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған. Сабақтарды кәсіпкерлік саласында тәжірбиесі мол сарапшылар өткізеді. Осыған орай, Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь: «Жетекші телекоммуникациялық компания ретінде,  біз цифрлық теңсіздікті жоюға жағдай жасап қана қоймай, халықтың интернет-сауаттылығын арттыруға да ұмтыламыз. Жастардың кәсіпкерлігін қолдау – біздің әлеуметтік саясатымыздың негізгі бағытына жатады. «Ғаламтор Сіз үшін» жобасы аясындағы жас кәсіпкерлерге арналған оқу курсының ашылуы жоба үшін маңызды қадам. Жобаның дамып жатқанына, жаңа аймақтарға тарап, қазақстандықтарға шынайы көмек беріп жатқанына қуаныштымыз», — деп пікір білдірді.

Курс тыңдаушылары жасы да мамандығы да алуан түрлі адамдар – жұмыссыздардан бастап, цифрлендіруге байланысты қатарынан қалып қойған дипломды тәжірибелі мамандарға дейін.  


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24