Beeline ең ірі Eurasia Mobile Challenge инновациялар байқауына қатысуға өтініштер қабылдауды бастайды

Beeline Қазақстан халықаралық Eurasia Mobile Challenge инновациялар байқауының еуразиялық кезеңі басталғанын хабарлайды. Жобаның мақсаты – жас мамандарды әлемді өзгертетін жаңа digital-шешімдер іздеуге шабыттандыру. Eurasia Mobile Challenge байқауы коммуникация және технология саласында мамандандырылған, сондай-ақ әрбір клиент үшін цифрлы әлем мүмкіндіктерін ашу идеясына шынайы берілген халықаралық компания — «ВымпелКом Ltd.» тобының бастамасымен өткізілуде.

Eurasia Mobile Challenge қатарынан екінші жыл жастардың техникалық дағдыларына қарамастан, олардың өркендеуі үшін мүмкіндіктер ұсына отырып, олардың болашағын қалыптастыруға, сондай-ақ бүкіл еліміздің деңгейінде және аймақтық деңгейлерде экономикалық өсуді ынталандыруға жәрдемдесе отырып, «ВымпелКом Ltd.» тобының Make Your Mark*(Ізіңді қалдыр) әлеуметтік бастамасына қолдау көрсетті.

Мобильді бағдарламалар бойынша еуразиялық чемпионат – бұл ақтық байқауы Барселонада өтетін, бағдарлама жасаушылар мен стартапшыларға арналған ең ірі Global Mobile Challenge әлемдік байқауы кезеңдерінің бірі. Байқау digital-, мобильді қаржылық шешімдердің, big data-ның, бұлтты және М2М шешімдердің, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған қосымшалардың тұжырымдамасын немесе шешімдердің дайын прототипін ұсынуға дайын техникалық және гуманитарлық мамандықтардың жастарына, жас кәсіпкерлер мен стартапшыларға бағытталған.

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан мемлекеттерінің кәсіпкерлері қатыса алады. Аймақтық кезең барысында әрбір қатысушы өз тұжырымдамаларын, олардың идеяларын дайын мобильді шешімдерге айналдыруға көмектесетін жергілікті және халықаралық сарапшылар мен менторлар қатысатын семинарлар, шеберлік-сыныптары мен питч-сессиялар шеңберінде сынақтан өткізе алады. Жобаларды инновация сапасы, жергілікті қауымдастық үшін өзектілігі, ауқымдылығы және бірегейлігі тәрізді өлшемдер бойынша, ІТ-индустрия сарапшылары бағалайтын болады.

Әр қатысушы елде чемпионаттың жергілікті кезеңі өтеді, оның шеңберінде байқауға қатысушылар өз елдерінен шыққан бәсекелестерімен сынға түседі. Аймақтық кезеңнің ақтық байқауына 24 команда (әр елден 3 команда) шақырту алады. Аймақтық ақтық байқаудың 3 жеңімпазына ақшалай жүлде табысталып, олар 2017 жылы Барселонада өтетін Дүниежүзілік мобильді конгресстің жаһандық финалында жарысты жалғастыру мүмкіндігіне қол жеткізеді.

«ВымпелКом» стартаптан 200 миллион клиенті бар және дүние жүзі халқының 10%-дан астамына қол жеткізе алатын халықаралық телекоммуникациялық және технологиялық компанияға дейін өсті. Алғаш жол салушы ретіндегі біздің тәжірибеміз – бізге шабыт береді. Нағыз digital-ойыншыға айналу үдерісінде біз, бізді клиенттерімізбен жақындастыра түсетін жаңа қосымшалар мен бағдарламалық шешімдерді іздестіреміз. Beeline Қазақстан «ВымпелКом» тобының осы бағыттағы «Make Your Mark» бағдарламасын қолдайды және біз Eurasia Mobile Challenge қатысушыларынан соны бизнес-идеяларды тағатсыз күтеміз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Олександр Комаров атап өтті.

Бүгінгі таңда біз, Қазақстан қауымдастығының қажеттіліктері мен міндеттерін қанағаттандыруға бағытталған ультразаманауи қосымшаларды немесе келесі буын шешімдерін іздестірудеміз.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24