Әлеуметтік желілердегі алаяқтық әрекеттер

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының атынан жалған қоғамдастықтар арқылы деректерді заңсыз жинау мен алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті. Деректер базасындағы өзгерістер немесе кеңсенің басқа жерге көшуі сияқты түрлі себептерді айтып, қаскүнемдер дербес деректерді беруді сұрайды және жауап бермесеңіз, жеке зейнетақы шотыңыз жабылады деп қорқытады.

Осыған орай, Сіздерден қандай жағдай болмасын өз жеке деректеріңізді хабарламауды сұраймыз және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес БЖЗҚ-ның дербес деректерді жинауды және өңдеуді субъектінің келісімімен жүзеге асыратынын ескертеміз.

БЖЗҚ азаматтардың дербес деректерін жинайтын сұраныстар жасамайды және салымшыларға (алушыларға) әлеуметтік желілерде жеке хабарламалар жіберу арқылы өтініш білдірмейді, бұған сұранысты өңдеу үшін БЖЗҚ деректер базасына кіру қажет жағдайлар қосылмайды. Осыған қарамастан, салымшы жеке деректерін көрсетпеуге және қордың қызмет көрсету орталығына өзі баруға толықтай құқылы.

Қордың ресми парақшалары тек ақпарат таратады, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) үндеу жасаудың қосымша арнасы ретінде қызмет етеді.

 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24