Beeline 4G желісін Қазақстанның тағы бес қаласында іске қосты

Beeline Қазақстан 4G желісінің таралу аймағын кеңейтуді жалғастыруда, қазіргі таңда желіге Семей, Павлодар, Қостанай, Жезқазған және Сәтпаев қалаларында қол жеткізуге болады.

4G желісі 800 Mhz жиілік ауқымында құрылуда, бұл әр базалық станцияның таралу аймағын кең көлемде қамтуға мүмкіндік береді, соның арқасында желіні тарату құрылысы қысқа мерзімде жүргізілуде. Сондай-ақ, осы желілердегі сигнал ғимараттарда тұрақтырақ болып келеді. Ең жоғары жылдамдық секундына 75 мегабитке дейін жетеді.

Естеріңізге саламыз, 2016 жылы 1 шілдеде Астана, Ақсай, Орал және Бурабай қалаларында қызмет коммерциялық тұтыну үшін іске қосылды. Бұдан бөлек, Алматыда наурыз айынан бері 4G желісінің ауқымды сынақтық аумағы жұмыс істеп келеді. Сонымен, Қазақстанның 10 қаласындағы клиенттер Beeline ұсынған LTE қызметтерін тұтына алады. Қазіргі сәтте, компанияның 30 мыңнан астам клиенті шамамен 130 терабайт интернет трафик жүктей отырып, төртінші буын желісінің басымдықтарын бағалай алды.

«LTE-нің іске қосылуы Қазақстанда Beeline болашағына арналған негізгі жоба, бұл -«Цифрлы Қазақстан 2020» ұлттық бағдарламасының аясындағы маңызды жобалардың бірі және ол, еліміздегі байланыс технологиясын дамытудағы жаңа күрделі кезең. Сонымен қатар, компания үшін бұл – операциялық сын-тегеурін, көп миллиардты инвестиция және инфрақұрылымның барлық негізгі элементтерін сапалы жаңа деңгейге шығару. Қаңтардағы жиілік төлемінен, коммерциялық пайдалануды іске қосқанға дейін алты айдан аз уақыт өтті, жақын айда біз, LTE қызметтерін еліміздің ірі қалаларында іске қосамыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз пікірін білдірді.

4G қызметтерінің құны 2G/3G қызметтерінің тарифтері бойынша есептеледі. Қызметті қолдануды бастау үшін, SIM-карта мен құрылғының 4G желісін қолдау мүмкіндігін тексеру керек. Ол үшін *705# пәрменін терсеңіз, жауап ретінде растайтын хабарлама келеді. Егер SIM-карта қолдамайтын болса, оны Beeline-ның Сату және қызмет көрсету кеңселерінде немесе «Азбука связи» салондарында USIM картаға ауыстыру қажет. Сондай-ақ, клиенттер 4G желісінің барлық мүмкіндіктерін пайдалану үшін, «Азбука связи» салондарында қолайлы құрылғыны таңдай алады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24