Еліміздің 10 қаласында LTE желісі сәтті іске қосылғаннан кейін – Beeline Қазақстан тұтынушыларға арналған 4G жабдықтарды сату басталғанын хабарлайды.
Брендтелген 4G Beeline жабдықтары USB-модемдер мен Wi-Fi-роутерлерден тұратын сұрыптамада ұсынылған. Бастапқы жиынтыққа үлкен көлемді трафик: модемдерге 20 ГБ, Wi-Fi роутерлерге 30 ГБ қосылған, жиынтықтың құны сәйкесінше 11 990 теңге және 16 990 теңге тұрады.
«Біз клиенттерімізге ең тиімді ұсыныстар мен үздік клиенттік тәжірибе ұсынуға тырысамыз. Желіні белсенді түрде жасап жатырмыз, ол клиенттерге 4G қызметтердің барлық артықшылықтарын бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа құрылғылармен клиенттер HD сапалы бейнежазбаларды көріп, көлемі үлкен файлдарды жылдам жүктей алады немесе өзіне ыңайлы кез келген жерде онлайн ойындарды ойнай алады», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Евгений Настардин өз пікірін білдірді.
Таралу картасын және қызметтер, тарифтер мен 4G Beeline құрылғылар туралы ақпарат 4g.beeline.kz арнайы сайтында. Онлайн-тапсырыс берген жағдайда, тегін жеткізіледі. Сондай-ақ 4G USB-модемдер мен Wi-Fi-роутерлерді Beeline-ның Сату және қызмет көрсету кеңселерінен және «Азбука Связи» салондарынан сатып алуға болады.