Windows 10 Mobile платформасына арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы шықты

Beeline Қазақстан Windows 10 Mobile платформасына арналған клиенттік «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы шыққанын, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрынғыдан да ыңғайлы болуы үшін бір қатар жаңартулар енгізілгенін хабарлайды.

Маусымның соңында Windows 10 Mobile және Windows Phone 8.1. платформаларына арналған қосымша қолжетімді болды. Оны жасау барысында Microsoft гайдлайндары және қосымшаның ескі нұсқасын қолданушылардың қалауы ескерілді. Жасалған жұмыстың нәтижесінде, «Менің Beeline-ым» қосымшасы заманауи жалпақ интерфейске, басты экранда теңгерім мен шот деректерін қарау, жақындардың нөмірін басқару, тарифтік жоспарлар мен қызметтерді салыстыру, банк картасы арқылы шотты толтыру, жақын жердегі қызмет көрсету кеңселерінің мекенжайын қарау сияқты көптеген мүмкіндіктерге ие болды. Жақын уақытта қосымша — тірі плиткаларды, жақындарыңыздың нөмірін тіркеу мүмкіндігін иеленеді, сондай-ақ Widows 10 платформасындағы планшеттер мен компьютерлерге бейімделген нұсқа шығады.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету және клиенттік тәжірибені жақсарту салаларында компаниямыз көптеген жұмыстар атқарды, сол үшін бірнеше рет марапатталып, сарапшылардың жоғары бағасын иеленді. Бүгін біз Windows мобильді платформасына арналған мобильді қосымшасын қуана ұсынып отырмыз, сондай-ақ ағымдағы нұсқаларда бірқатар жаңартулар болғанын хабарлаймыз. Енді клиенттеріміз уақыттарын үнемдеп, өз нөмірлері мен жақындарының нөмірлерін дербес басқара алады. «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатып алыңыз, сол кезде оның артықшылықтарын түсінесіз», — деп Beeline Қазақстанның Коммерциялық директоры Евгений Настрадин бастаманың іске қосылуы туралы өз пікірін білдірді.

Барлық мобильді палтформалардағы қосымшаның жаңаруымен Beeline клиенттеріне «Бонустар жазы» науқаны бойынша дербес деректер қолжетімді болды. Енді «Менің Beeline-ым» қосымшасының, алдын ала төлем жүйесіне қосылған кез келген қолданушысы USSD-пәрмендерді термей-ақ, минуттардың SMS-тер мен интернет-трафиктің дербес топтамаларын ала алады. Жақын уақытта қосымшаға тағы бірнеше жаңа қызметтер енгізіледі, соның ішінде «Үйдегі Интернет» қызметтерімен біріктіру де бар.

2015 жылы 14 қыркүйекте Android платформасының 4.0 және одан жоғары нұсқаларына арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы шыққанын естеріңізге саламыз. Сол айда ол АКИБ және Forbes Kazakhstan нұсқалары бойынша ТОП-30 қазақстандық мобильді қосымшалар рейтингінде екінші орынды иеленді. 2016 жылы 12 мамырда iOS платформасының 7.0 және одан жоғары нұсқаларына арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы шықты.

Қазақстан аумағында және дүние жүзіндегі роумингте «Менің Beeline-ым» қосымшасын қолдану кезіндегі интернет-трафик тегін. 

Microsoft


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24