Еуразиялық банк бірінші болып қазақ тілінде шалынған қоңыраулардың сөйлеуді талдауын енгізді

Еуразиялық банк байланыс орталығы операторларының клиенттермен телефон арқылы тілдесуді бақылауға алып, клиенттермен байланыс жүйесіне Verint инновациялық бағдарламалық жасақтаманы енгізді.

Verint оператор мен клиенттің диалогын транскрипциялайды (мәтінге аударады), барлық жазып алынған әңгімелерді санатқа бөледі, содан кейін Сапаны бақылау қызметі оператордың клиентке телефон арқылы қаншалықты дұрыс, сыпайы және жылдам кеңес бергенін тексереді. Бағдарламаның арқасында Сапаны бақылау қызметі телефон арқылы кеңес беретін операторлардың жұмысындағы олқылықтар мен кемшіліктерді уақтылы анықтап, оларды жоя алады. Жүйе ай сайын жалпы ұзақтығы 6 000 сағатты құрайтын 150 мыңға жуық қоңырауларды талдайды.

Verint инновациялық технологиясы клиенттердің Банк операторларымен әңгімелесу кезінде ең жиі қойылатын сұрақтарды анықтайды, ал арнайы құрылған сөйлеу технологиясы және бизнес-процестер мониторингі бөлімінің талдаушылары алынған ақпаратты жинап, талдайды, Банктегі клиенттік сервис сапасын жақсарту және бизнес-процестерді өзгерту бойынша ұсынымдар жасап шығарады.

Жаңа бағдарламаның көмегімен Банктің іске асыратын негізгі мақсаты – клиент проблемасын шешу немесе барлық қажетті ақпаратты бөлімшеге келместен телефон арқылы ұсыну болып табылады.

Verint талдау платформасы клиенттің оператормен арасындағы эмоционалдық байланысын талдайды, бұл әдепсіз операторларды, Банк процестері мен рәсімдердегі іркілістерді анықтауға, табылған мәселелерге Сапаны бақылау қызметі мен басшылықтың назарын аударуға мүмкінді береді.

Еуразиялық банк қазақстандық банктер арасында сөйлеуді талдау жүйесін ендіру бойынша пионер атанды. Бұған қоса Еуразиялық банк Verint компаниясымен бірлесіп әлемде теңдесі жоқ сөйлеуді талдаудың орысша-қазақша бірегей үлгісін әзірлеп шығарды және енгізді.

«Клиенттерге қызмет көрсетудің сапасы мен жылдамдығы – банктердің клиент үшін күресетін арнасы болып табылады. Сол себепті біз ең озық сервиске апарар жолдағы кедергілерді тез тауып, оларды жоюға көмектесетін құралдарға қаржы саламыз», — деп атап өтті Басқарма Төрағасы Майкл Эгглтон. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24