Аслан Жүсіпов Beeline Қазақстанның Бас қаржылық директоры болды

Beeline Қазақстан Аслан Жүсіповтың Бас қаржылық директор лауазымына тағайындалғанын хабарлайды.

Тағайындалу туралы Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров былай дейді: «Аслан Жүсіпов «2Day Telecom» ЖШС-інде өз кәсіби дағдысын тамаша танытты. Осыған байланысты оған Beeline Қазақстандағы Бас қаржылық директор орынын ұсыну туралы шешім шығарылды. Біз жақсы жетістіктерге жетуіміз үшін, Аслан Қаржы дирекциясының жұмысына үлкен үлес қосатынына сенімдімін. Тағайындалған қызметімен оны құттықтаймын және жаңа жұмыс орынында оған сәттілік тілеймін!».

«Қаржы дирекциясы қаржылық және салықтық тәртіптің жоғарылауына, операциялық шығындардың оңтайландырылуына және инвестициялық жобалар жөніндегі жұмыс сапасының жоғарылауына үлкен үлес қосуы керек. Сондай-ақ қаржылық көрсеткіштерді орындау мен тәуекелдерді басқару да оның міндетіне жатады. Beeline Қазақстан командасына қосылғаныма қуаныштымын және компанияның нарықтық құнын жоғарылатуға, Қазақстан нарығындағы қаржылық көрсеткіштердің көтерілуіне және компания құндылықтарының тұрақты өсуіне барлық күш-жігерімді жұмсауға дайынмын», — деп Beeline Қазақстанның Бас қаржылық директоры Аслан Жүсіпов өз пікірін білдірді. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24