Beeline fourЭ эко-этно фестивалінде 4G байланысын ұсынды

Beeline Қазақстан Алматы облысы Талғар ауданындағы Солдат сайда өткен fourЭ эко-этно фестивалінің аумағында 4G желісінің уақытша аймағын ашты.

Фестиваль жетінші жыл Алматы маңында өтіп отыр. fourЭ – бұл ашық аспан астында өтетін халықаралық үш күндік мереке, онда қаланың шуылы мен қарбаласынан демалып, тыныштық пен үйлесімділікке шомуға мүмкіндік беріледі. Жыл сайын фестиваль аумағында спорттық, танымдық, шығармашылық, балаларға арналған шеберлік-сыныптары өтеді, ал әр кеште отандық және шет елдік этно-орындаушылардың қатысуымен музыкалық концерт болады.

Бастама туралы Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас жөніндегі директоры өз пікірін былай білдірді: «fourЭ – бұл Алматы мен Алматы облысы үшін ірі іс-шара, оған адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келеді. Алдын ала санақ бойынша, жетінші фестиваль қатысушыларының саны 5000 адамнан асты. Осындай кең көлемді оқиғаға 4G желісін ұсынғанымызға қуаныштымыз. Техникалық дирекцияның арқасында, фестиваль қонақтары фотоларын санаулы секундтарда әлеуметтік желілерге шығарып, бөлісе алды, бейнежазбаларды жүктеп, тіпті танымал онлайн-қызметтер арқылы бейнежазба трансляциясын жүргізді. Фестиваль өткен үш күнде Beeline абоненттері шамамен 140 гигабайт мәлімет жүктеп, 700 минуттан астам уақыт сөйлесті және 1649 хабарлама жіберді».

Солдат сай Алматыдан 38 шақырым жерде, теңіз деңгейінен 1550 метр биіктікте орналасқан. Ол Талғар қаласының солтүстік-шығысынан басталады. Сай дегеніміз – созылып жатқан үстірт, оның бір жағы шағын белеспен тұйықталған, ал оңтүстігінде Іле Алатауы шыңдары тиіп тұр.

Beeline-ның 4G төртінші буын желісі келесі қалаларда іске қосылған: Астана, Ақсай, Бурабай, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Сәтбаев, Семей, Орал және Өскемен. 4G желісін қолдануды бастау үшін Beeline клиенттеріне жаңа USIM карта сатып алу керек немесе Сату және Қызмет көрсету кеңселерінде, «Азбука связи» салондарында қолданыстағы SIM картасын USIM картаға ауыстыру қажет. Одан бөлек, телефонның LTE-band 20 (800 Мгц) диапазонымен үйлесімділігін тексеру керек. SIM картаны ауыстыру қажеттілігін және құрылғының мүмкіндігін *705# пәрмені арқылы тексеруге болады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24