Eurasia Mobile Challenge қатысушылары оқыту курстарына тегін қол жеткізетін болады

Beeline Қазақстан Eurasia Mobile Challenge халықаралық инновациялар байқауын қолдау мақсатындағы білім жобасы ашылғанын хабарлайды. Идеясын, тұжырымдамасын немесе digital-шешімінің түпүлгісін 2016 жылғы 15 қазанға дейін eurasiamobilechallenge.com сайтында тіркеген байқау қатысушылары, кәсіпкерлік саласындағы халықаралық және ресейлік сарапшылар мен «Стрелка» Vector (РФ) институты бірігіп құрған 2 білім курсына тегін қол жеткізе алады.

Eurasia Mobile Challenge — бұл ақтық байқауы Барселонадағы Дүниежүзілік мобильді конгрессте өтетін Global Mobile Challenge жаһандық байқауының кезеңі. Чемпионаттың Еуразиялық кезеңі Қазақстанда, Ресейде, Арменияда, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда және Украинада екінші рет өткізіліп отыр.

Арнайы Eurasia Mobile Challenge қатысушылары үшін, стартаптарды жасау саласында арнайы білімі мен дайындығы жоқ жас кәсіпкерлер мен техникалық және гуманитарлық мамандықтардың жастарына пайдалы 2 бағдарлама іріктелді.

Бірінші курс — «Мобильді қосымшаларды жасау жолдары» — идеясын танымал қосымшаға айналдыруды жоспарлап жүрген, бірақ бұрын онымен айналыспаған жандарға бағытталған. Жобасы сәтті шыққан 25 жасаушы өз тәжірибелерімен бөлісіп, бастапқы идеяны тексеруден, дайын өнімді нарыққа шығаруға дейінгі барлық сатыда нені ескеру керек екенін айтып береді. Екінші курс — «Кәсіпкерлерге арналған қаржылық сауаттылық» — идеяны, хоббиді немесе жобаны ақшаға айналдыру үлгісін таңдау туралы айтып беріп, бизнес-жоспар жасауға, инвесторлармен, банктермен байланыс орнатуға көмектеседі.

Кез келген уақытта онлайн оқуға болады, сабақтар ерікті ретпен өтеді, ал оқу материалдарына орыс тілінде қол жеткізуге болады. Онлайн-платформаның арқасында, байқаудың барлық қатысушылары курстарға қол жеткізе алады.

Инновациялардың еуразиялық байқауы – кәсіпкерлік дағдыны дамытудың, қалыптан тыс ойлау қабілетін көрсетудің және ақшалай жүлдені ұтудың тамаша мүмкіндігі. «ВымпелКом Ltd» тобы Make Your Mark («Ізіңді қалдыр») әлеуметтік білім бағытын қолдау шеңберінде, қатарынан екінші жыл Eurasia Mobile Challenge байқауын өткізуде. Оған мобильді қаржылық және digital-шешімдер, big data, бұлтты және М2М-шешімдер салаларындағы шешімдерін ұсына алатын техникалық қабілеті бар адамдар мен жекелеген қауымдастықтың маңызды мәселелерін шешуге арналған жобаларға айналдыруға болатын идеялары бар адамдар қатыса алады.

Қазақстанда, сондай-ақ әрбір қатысушы елде байқаудың жергілікті кезеңі өтетінін естеріңізге саламыз, оның аясында қатысушылар өз елінен шыққан бәсекелестерімен жарысқа түседі. 24 команданы (әр елден 3 команда) қазылар аймақтық кезеңнің финалына шақырады. Аймақтық финалдың 3 жеңімпазы ақшалай жүлде алып, Барселонада өтетін на Mobile World Congress 2017 жаһандық финалында жарысты жалғастыруға мүмкіндігіне ие болады. Аймақтық кезеңдер барысында қатысушылар, жергілікті және халықаралық сарапшылар, менторлар қатысатын семинарлар, шеберлік-сыныптары мен питч-сессияларға қатысу арқылы өз тұжырымдамаларын сынақтан өткізіп, жетілдіре алады.

Байқауға қатысуға идеяны тіркеу үшін және Vector қалалық кәсіпкерлер онлайн-мектебі курстарына жеңілдік алу үшін, сайтында өтініш беру керек.

Тіркеу аяқталған соң, қатысушыға Vector курстарынан өтуге арналған жеңілдіктің промо-кодтары бар ақпарат хат арқылы келеді.

Байқауға жобаны тіркеу 2016 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24