Beeline Ақтау қаласында сымды интернет жылдамдығын екі есе арттырды

Beeline Қазақстан еліміздің барлық ірі қалаларында КЖҚ мүмкіндігі бар сымды интернет жылдамдығын арттыру жобасын сәтті іске асырғандығын хабарлайды. Ақырғы қала Ақтау болып шықты. Мұнда жылдамдық 100 Мбит/сек дейін арттырылды.

Ақтауда жаңа жылдамдық интернеттің «Әрдайым» тарифтік желісі аясында ұсынылды. Жаңа жылдамдықтың барлық артықшылықтарымен ақтаулықтар және қала қонақтары Aktau Open Fest – 2016 шарасының шеңберінде таныс болады. Beeline ұсынатын «Үйдегі Интернет» 2016 жылдың 15, 16 және 17 қыркүйегінде Ақтау қаласында аспан аясында жыл сайын өтетін музыка және спорт фестивалінің демеушісі болады. Beeline Қазақстан фестиваль қонақтары үшін мерекелік жеңілдіктер, байқаулар мен жүлделердің ұтыс ойындарын әзірледі.

«Әрдайым» тарифтік желісі қазақстандықтарға сапалы қызметпен қатар, үнемдеу мүмкіндігін беретін бірегей ұсыныс. 100 Мбит/сек дейінгі жылдамдық—бүкіл Қазақстан халқына қолжетімді боларлық сапа. Нәтижелері айқын—пайдаланушылар жылдамдық, сервис, қосымша мүмкіндіктер сияқты барлық артықшылықтарға лайықты бағасын берді. Осылай, өнімді нарыққа ұсынғалы бері, интернетке 60 мың абонент қосылды. Енді баға мен сапаның бұдан да жақсы арақатынасын Ақтау тұрғындары да бағалай алады» — деп айтады «2Day Telecom» ЖШС-нің (Beeline СБ) Жаппай нарықтағы сату жөніндегі коммерциялық директоры Сергей Нищев.

«Әрдайым» тарифтік жоспарлары Қазақстандағы ең қолжетімді бағамен және үй интернетінің классикалық жылдамдық параметрлерінің өсуі — 20, 40, 80 және 100 Мбит/сек сияқты жылдамдық градациясымен ерекшеленеді. Баға «Үйдегі Интернет» қызметін пайдаланудың бүкіл мерзіміне бекітіледі.

«Үйдегі Интернет» қызметі Қазақстанның 29 қаласында қолжетімді, және қазіргі уақытта оған 490 000 абонент қосылған. «Әрдайым» тарифтік желісі «Үйдегі Интернет» қызметі таралатын барлық аймақта әрекет етеді.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24