Beeline клиенттері тұрақ ақысын телефон теңгерімінен төлей алады

Beeline Қазақстан абоненттері, Алматы қаласындағы тұрақ кеңістігінің жаңа автоматтандырылған жүйесі аясында тұрақ ақысын телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігіне бірінші болып қол жеткізді. Жобаны жүзеге асырған «Алматы арнайытехпаркинг сервис» ЖШС мен Beeline Қазақстан мобильді операторы

Телефон теңгерімінен тұрақ ақысын төлеу www.aparking.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе мобильді қосымшада тіркелуді қажет етпейді және автоматтандырылған төлемнің ең қарапайым және ыңғайлы жолдарының бірі болып табылады. Төлемнің бұл үрдісі түсінікті, айқын және қарапайым, тұрақ ақысын минуттық тарифпен төлеуге мүмкіндік береді, ал тұрақ сессиясын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, тұрақтың қолданылмаған уақытының ақшасы тұрақ шотына қайтарылады.

«Биыл біз Қазақстандық мобильді байланыс операторлары арасында Қазақстанда бірінші болып, мобильді қаржылық қызметтерді енгіздік. Қазір біздің бірегей қызмет — pay.beeline.kz 200-ден астам қызмет ақысын телефон теңгерімінен төлеуге мүмкіндік береді, ал биылғы жаздан бері алматылықтар қоғамдық көлікте жол ақысын SMS арқылы төлей алады. Бүгін біз Алматыдағы автокөлік иелеріне ақылы тұрақ ақысын телефон теңгерімінен төлеу мүмкіндігі ашылғанын қуана хабарлаймыз. Телефоныңыздың теңгерімі – Cіздің әмияныңыз. Бәрі қарапайым, әрі ыңғайлы», — деп Beeline Қазақстанның Мобильді қаржылық қызметтер бөлімінің жетекшісі Тимур Шалекенов өз ойымен бөлісті.

Телефон теңгерімінен тұрақ ақысын төлеу үшін, 7757 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жіберу керек. SMS-хабарлама мәтінінде тұрақ аймағының мәтіні, автокөлік нөмірі және шамамен тұратын сағаты (1-ден 24-ке дейін) көрсетілуі тиіс. Көрсетілген деректер бір-бірінен * белгісі арқылы ажыратылады. Тұрақ ақысын төлеуге арналған SMS-хабарлама былай жазылуы керек: «1001*номер_авто*1». SMS жолдаған соң, қызметтің орындалғанын растайтын хабарламаны күту қажет. Тұрақ сессиясын мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, абонент 7757 қысқа нөміріне «S» латын әріпін жіберуі тиіс. Төлем үшін комиссия ұсталмайды.

«Beeline Қазақстанның бірінші болып, телефон теңгерімінен тұрақ ақысын төлеуге техникалық мүмкіндік ұсынғаны үшін қуаныштымыз, ұялы байланыс операторларының дайындығына қарай осы қызметті енгізуді жоспарлағанбыз. Бүгін автокөлік иелері оңтүстік астанада тұрақ ақысын төлеудің автоматтандырылған қарапайым және ыңғайлы әдісіне қол жеткізді», — деп «Алматы арнайытехпаркинг сервис» ЖШС-нің директоры Марат Принбеков атап өтті.

Қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясын алған, электронды ақша мен Қазақстан Республикасы өкілетті банктерінің серіктес-операторлары ұсынады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24