Қазақстандық интернет қолданушының іс-әрекетінің ерекшеліктері – Гугл 2016 қосылған тұтынушылардың сауалнамасы

Бүгін Қазақстанда бірінші рет қазақстандық интернет қолданушылардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне арналған, Google тапсырысы бойынша TNS Infratest компаниясымен жүргізілген 2016 қосылған тұтынушылардың сауалнамасы жаңа зерттеуінің нәтижелері ұсынылды.

Қазақстанда смартфондарды қолданудың жоғарғы деңгейі байқалады

Зерттеудің деректері бойынша, қазақстандықтардың 65%-ы смартфон қолданушысы болып табылады. Бұл көрсеткіш посткеңестік кеңістіктегі ең үлкендердің бірі болып табылады. Бұл ретте 25 жасқа дейінгі және 35 жасқа дейінгі жас адамдардың арасында бұл сан одан да жоғары – аталған жас санаттарында қазақстандықтардың тиісінше 91%-ы және 85%-ы смартфондарды қолданады. Орташа есеппен бір қазақстандыққа Интернетке қосылған 2.1 құрылғы келеді.

Қазақстандықтар өздерінің смартфондарын белсенділіктің алуан түрлері үшін қолданады – ең көп тарағандары: онлайн-видео көру — 47%, әлеуметтік желілер — 46% және ақпарат іздеу – 41% .

Зерттеу көрсеткендей, қазақстандық интернет-қолданушылардың 86%-ы күн сайын онлайн режимінде болады. Аталған көрсеткіш бойынша да 25 жастан 35 жасқа дейінгі топ көш бастап тұр. Зерттеуге қатысушылардың арасындағы 25 жасқа дейінгі онлайн-қолданушылардың 93%-ы, 25-34 жастағылардың 94%-ы Интернетті күн сайын қолданады. Жасы үлкен қолданушылардың арасында Интернетті күн сайын қолдану деңгейі айтарлықтай жоғары екендігін айта кеткен жөн – 55 жастан асқан 66% адам интернетке күн сайын шығады.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға жауап берушілердің 76%-ы ақпарат іздеу үшін бірінші кезекте Интернетке жүгінеді. Интернет қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады – көрермендердің 82%-ы теледидар көрген уақытта өздерінің смартфондарын қолдануды әдетке айналдырған, ал 35 жасқа дейінгі телекөрермендердің 47%-ы теледидар көрген уақытта екінші құрылғыдан онлайн режиміне кіреді.

Қазақстандық Интернет қолданушылардың 37%-ы айына кем дегенде бір рет қандай да бір өнімдер туралы ақпарат іздейді. Ал 35 жасқа дейінгі қазақстандықтардың 27%-ы тауарлар туралы ақпаратты өздерінің смартфонында компьютердегідей жиі іздейді. Одан бөлек, 35 жасқа дейінгі жас санатындағ адамдардың көпшілігі – 88% салыстырғанда 57% — жиі компьютер емес, смартфон пайдаланады.

Видеоны онлайн көру қазақстандықтардың арасында ең көп тараған белсенділік болып табылады, бұл ретте ең жоғарғы көрсеткіш 35 жасқа дейінгі жас тобында – 35 жастан кіші интернет-қолданушылардың 86%-ы видеоны кем дегенде аптасына бір рет көреді, ал 78% — өздерінің смартфондарының экрандарынан онлайн-видеоны апта сайын көреді.

Қазақстандықтардың 77%-ы Интернетті жеке мақсаттары үшін қолданады. Бұл ретте смартфондарды бизнес үшін де, жеке мақсаттары үшін де қолданады: 58%-ы тек жеке мақсаттары үшін ғана, ал 24%-ы жеке және бизнес мақсаттары үшін қолданады.

Зерттеу кезінде TNS Infratest әлемнің 61 еліндегі 60 000 аса адамға сауалнама жүргізді. Қазақстанда зеттеу 2016 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі аралықта жүргізілді, іріктеу – 1000 сұхбаткер 16+ жаста, телефон арқылы және жеке сұхбат түрінде. 

Google


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24