Beeline ұсынған тегін және шексіз 4G

Beeline Қазақстан LTE желісі таралған қалаларда клиенттерге, 2016 жылдың соңына дейін «Тегін және шексіз 4G» науқаны шеңберінде мобильді 4G интернетті тегін әрі шексіз қолдану мүмкіндігін ұсынады.

Науқанға қатысу үшін, құрылғыңыз бен SIM-картаңыздың 4G желісін қолдайтындығына көз жеткізіп, «Premium», «Бәрі 1500 тг», «Бәрі 2300 тг» тарифтік жоспарлары қатарына қосылған немесе 20 ГБ, 30 ГБ интернет топтамаларын сондай-ақ, баламалы жылдық ұсыныстарды қосқан, абоненттік төлемді уақытында төлеуші Beelinе клиенті болу жеткілікті. 4G желісінде интернет-трафик тегін және шексіз беріледі, сондай-ақ қосылған тарифтік жоспардың немесе интернет-қызметтің интернет-топтамасынан шығындалмайды. 2G/3G желілерінде, интернет-трафик таусылған соң, тарифтелу тарифтік жоспардың немесе қосылған интернет-қызметтің шарттарына сай жүреді, ал 4G желісіндегі интернет жұмысын шексіз жалғастыра береді.

Beeline-ның 4G буынындағы желісі Астана, Ақсай, Бурабай, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Сәтбаев, Семей, Орал және Өскемен қалаларында іске қосылған. Алматы қаласында кең ауқымды сынақтық аймақ жұмыс істейді, мұнда Beeline клиенттері 4G қызметтерін тегін әрі шексіз қолдана алады.

«Біз 4G желісін екі айдан сәл астам уақыт бұрын іске қостық, ал клиенттер саны жүз мыңға тақап қалды. Біз, интернеттің мұндай жылдамдығынан бұдан да көп адам ләззат алса дейміз. Клиенттеріміз интернеттің жаңа жылдамдығын сынап көруі үшін, оның барлық артықшылықтарын сезінуі үшін, біз 2016 жылдың соңына дейін Beeline-ның 4G интернетін тегін және трафик шектеуінсіз береміз», — деп Beеline Қазақстанның Корпоративтік қатынас жөніндегі директоры Алексей Бендзь пікір білдірді.

Beeline клиенттеріне 4G желісін қолдануды бастау үшін, жаңа USIM карта алу керек немесе Сату және қызмет көрсету кеңселерінде, яки «Азбука связи» салондарында ағымдағы SIM-картасын USIM картаға ауыстыру қажет. Ағымдағы SIM-картаны ауыстыру қажеттілігі мен құрылғы мүмкіндігін *705# пәрмені арқылы тексеруге болады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24