«Шексіз мүмкіндіктер» жобасы 2-жылдығын атап өтіп, аутизмге шалдыққан балаларға сый тарту етеді

Beeline Қазақстан компаниясының «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасы екі жылға толды. 2014 жылы жарық көрген бастаманың мақсаты—елдің әлеуметтік ұйымдарын жылдамдығы жоғары тегін интернетпен жабдықтау еді.

Екі жылдан соң бағдарламаның жұмысы өзгере түсті—енді бұл жобаның аясында Beeline ұйымдарға тегін интернетпен қатар толыққанды жабдықталған инновациялық компьютерлік сыныптарды да тарту етеді. Астана қаласындағы аутизмге шалдыққан балаларға арналған «Асыл мирас» орталығы мұндай алғаш сыйлыққа ие болды.

Орталық 2015 жылдың қыркүйегінде Болат Өтемұратовтың Жеке Қайырымдылық Қорының бастамасымен құрылды. «Асыл Мирас» қорының осындай мекемелері астанамызда ғана емес, сондай-ақ Алматы, Қызылорда және Өскемен қалаларында да есігін ашты.

«2016 жылдың басында Қазақстанда аутизмге шалдыққан 1956 бала тіркелді. Бүгінде Астанадағы орталыққа 700 бала келіп-кетеді, олардың ішінде 350 бала диагностикадан өтсе, 148 бала оңалту курсында. Біздің мақсатымыз—аутизмдік мүкістігі бар балалар мен олардың ата-аналарына толыққанды өмір кешуіне көмектесу, және орын алған мәселеге қоғам мен мемлекеттің назарын аудару. Бұл мақсатымызды жүзеге асыруда талай жетістіктерге қол жеткізе білдік, ерте скрининг жүйесін енгіздік, мысалға. Енді сіздің де көмегіңізге мұқтажбыз. Beeline Қазақстан компаниясы осындай күрделі, әрі жауапты ісімізге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қосылғанына тәнті болдым», — дейді Болат Өтемұратовтың «Асыл мирас» Жеке Қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасының екі жылдығы жөнінде Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры Александр Комаров:

«Қайырымдылық бағдарламасы басталғаннан бері екі жыл өтті. Осы уақыттың ішінде қомақты жұмысты атқардық—Қазақстандағы жиырмаға жуық ұйымды интернетпен қамтамасыз еттік. Бұл ретте интернетке білім беру және сауылту ресурсы ретінде көзқарастың қалай өзгеріп тұрғанын көріп тұрмыз. Осы екі жылдың ішінде жобаның арқасында ашылған мүмкіндіктер бізді де өзгертті. Себебі біз оңай бола қоймайтын, әрі қажеттілігін асыра бағалау мүмкін емес жұмысын аңқыта атқарған жаңа адамдармен кездестік, күшті сезімдерге кенелдік. Жобамыз бұдан әрі өсіп-өнетініне, және еліміздің тағы бірталай баласына көмектесетініне кәміл сенеміз».

Beeline Business корпоративті брендінің «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік бағдарламасын іске асыру барысында Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Тараз және Орал қалаларында 20 әлеуметтік ұйым интернетке қосылды. Бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер мен кітапханалар, жастар үйлері, оңалту орталықтары, балалар үйлері және басқа да мекемелер. 13 мыңнан аса адам интернетке қатынау мүмкіндігіне ие болды.

Жоба Қазақстандағы Vimpelcom компаниялар тобының «Make Your Mark» («Сен де бір кірпіш дүниеге...») ғаламдық әлеуметтік бастамасының озаты болып табылады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24