Beeline Қазақстан мен Біріккен химиялық компания ынтымақтастық туралы жариялады

Beeline Қазақстанның Корпоративтік сату жөніндегі директоры Рауан Әнуарұлы Қабдрахимов пен «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ін басқарушы директор, Басқарма мүшесі — Тайген Руслана Айтжанқызы 5 қазан күні ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум Beeline Business тарапынан телекоммуникациялық қызметтердің толық топтамасын ұсынуды қарастырады. Оператор келесі шарттар бойынша сервистер мен қызметтер көресетеді:

  1. SIP-транк (оператор мен клиент АТС-і аралығындағы виртуалды байланыс арнасы);
  2. Интернет трафигі бар төртінші буын мобильді байланысы;
  3. Тұрақты интернет;
  4. Тұрақты және мобильді байланысты біртұтас технологиялық желіге жұптастыруды ұйымдастыру.

«Қазіргі экономикалық жағдай B2B-секторды қызмет көрсету деңгейін көтеру және шығындарды оңтайландыру нұсқаларын іздеуге итермелейді. Кешенді жоба БХК-ға қызмет сапасын көтере отырып, байланыс қызметтерінен айтарлықтай үнем жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, клиент кеңсесін, мәліметтерді жолдау жылдамдығын 3 еседен артық асыра отырып, кең жолақты интернетке қостық. Клиентіміз үшін жобаның маңыздылығын түсінеміз және қызмет көрсетуде ыңғайлы жағдай жасауға бар күшімізді саламыз». – деп Beeline Қазақстанның Корпоративтік сату жөніндегі директоры Рауан Қабдрахимов өз пікірін білдірді.

«Біріккен химиялық компания» ЖШС ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 13 қазанда өткен, «химия саласымен айналысатын арнайы компанияны құру» жөніндегі кеңейтілген мәжілісіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, «Самрұқ-Қазына ұлттық әл ауқат қоры» АҚ-ның 2008 жылғы 28 қарашадағы Директорлар кеңесінің шешімімен 2009 жылы құрылған. Бүгінде компания 11 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Олардың қатарында бұрыннан келе жатқан және қайта жаңартылып жатқан өндіріс, сонымен қатар еліміздің химия өнеркәсібін дамытуда негіз бола алатын, Қазақстан үшін мүлде жаңа кәсіпорындар бар.

Beeline Business – байланыс пен мобильді және тұрақты байланыс жөніндегі кешенді шешімдердің мультисервистік провайдері. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, сондай-ақ көптеген басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, Business Link (FMCN), Beeline Business Box, GPRS Corporate Access, Beeline Навигатор, SMS Клик тәрізді заманауи қызметтер іске қосылды. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24