Beeline мобильді байланысты, интернетті және BeeTV-ді біртұтас шотқа біріктірді

Beeline Қазақстан мобильді байланыс, сымды интернет және BeeTV қызметтерін біртұтас шотқа біріктіретін жаңа «Тиімді микс» өнімінің ашылғанын жариялайды.

«Тиімді микс» — бұл қолданушыларға арналған жаңа экожүйе: мобильді және тұрақты қызметтерді «бір терезеден» алу, жеке-жеке алғаннан тиімдірек. Тарифтік қатар қарапайым және қол жетімді жоспарлар мен бір төлеммен төленетін ыңғайлы төлем жолын ұсынады. Қатар топтамалардың бес түрін қамтиды (жеке және отбасылық ұсыныстар) және 5 SIM-картаға дейін қосуға, яғни мобильді қызметпен бүкіл отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар топтамаға 100 Мбит/сек-ке дейінгі жүйрік интернет пен 60-тан 100 арнаға дейін және 5700 фильм, телехикая және мульфильм кіретін BeeTV кіреді.

Жаңа ұсыныстың негізгі артықшылығы – бұл қызметтер құрастырушысы. Қызметтер параметрлерін қолданушы өз қажеттілігіне қарай дербес таңдай алады. «Тиімді микс» тарифтік қатары қалаған сипаттамаңыз бар қызметтерді сайтта жинап алуға мүмкіндік береді.

«Біз мобильді құрылғылар нарығындағы революция мен қарқынды дамып келе жатқан интернет трафигін көріп отырмыз. Адамдер кез келген желіде, кез келген құрылғыда, кез келген жерде және әрқашан онлайн болғысы келеді. Бастысы қарапайым, әрі үнемді болғаны. Біз, әртүрлі қызметтерді бір терезеден алған ыңғайлы деп шешті, әсіресе бұл 39%-ға арзан болса», — деп «2Day Telecom» ЖШС-нің (Beeline СБ) Жалпы нарықта сату жөніндегі коммерциялық директоры Сергей Нищев өз пікірін білдірді.

Қызметтер туралы ақпарат, соның ішінде олардың құны, қосылудың техникалық мүмкіндігін тексеру және өтініш үлгісі mix.beeline.kz арнайы веб сайтында. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24