Beeline Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында 4G желісін іске қосты

4G желісінің таралу аймағын кеңейту барысында Beeline Қазақстан Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында төртінші буын желісін коммерциялық тұтыну іске қосылғанын хабарлайды. Нәтижесінде, Республиканың 16 қаласында қызметке қол жеткізуге болады.

Желінің құрылысы әлі жалғасуда, ағымдағы жылдың соңына қарай Қазақстан халқының 30%-ы, ал 2017 жылы — 70%-ы төртінші буын желісі қызметтеріне қол жеткізетін болады. Сондай-ақ, Beeline өз клиенттеріне LTE желісі таралған аймақта, «Тегін және шексіз 4G» акциясы аясында 2016 жылдың соңына дейін мобильді 4G интернетті тегін, әрі шексіз қолдану мүмкіндігін ұсынуда.

«Бірден төрт қалада коммерциялық тұтыну іске қосылғанын қуана жариялаймыз. Біз желі құрылысының бірінші кезеңін аяқтадық, бүгінде 16 қала 4G қызметтеріне қол жеткізе алады. Клиенттеріміз желінің жаңа мүмкіндіктерін тез бағалай алуы үшін, біз желіні рекордтық қысқа мерзімде құрып жатырмыз. Алматы мен Шымкент Қазақстанның ең ірі қалалары, мұнда 4G құрылғысы аса көп және бұл қызметтер жоғары сұранысқа ие», — деп Beeline Қазақстанның Бас атқарушы директоры Александр Комаров өз ойын білдірді.

Қазір 110 мыңнан астам клиент 4G қызметтерін қолдануда. Beeline клиенттері 750 терабайттан астам трафик жүктеді, ал тұтыну күн сайын артуда. Клиенттер секундына 75 Мегабитке дейін жететін интернет жылдамдығына қол жеткізе алады.

Beeline клиенттеріне 4G желісін қолдануды бастау үшін, жаңа USIM карта сатып алу керек немесе Сату және қызмет көрсету кеңселерінде, я болмаса «Азбука Связи» салондарында ағымдағы SIM картасын USIM картаға ауыстыру қажет. Ағымдағы SIM-картаны ауыстыру қажеттілігі мен құрылғы мүмкіндігін *705# пәрмені арқылы тексеруге болады.


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24