Алматыда Eurasia Mobile Challenge байқауы қатысушыларының жаттығу күні өтті

Beeline Қазақстан Eurasia Mobile Challenge халықаралық инновациялар байқауы қатысушыларына арналған бір күндік Acceleration Day тренингін өткізді. «Мост» Бизнес-инкубаторы жаттығу күнінің серіктесі болды.

Eurasia Mobile Challenge — ақтық байқауы Барселонадағы Дүниежүзілік мобильді конгрессте өтетін Global Mobile Challenge әлемдік байқауының кезеңі. Чемпионаттың Еуразиялық кезеңі Қазақстан, Ресей, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина елдерінде екінші рет өтіп отыр.

Бір күндік Acceleration Day жаттығу күні шеңберінде байқау қатысушылары нағыз шеберлерден тәлім алды және питч-сессия аясында өз тұжырымдамаларын сынақтан өткізіп, жетілдіру мүмкіндігіне қол жеткізді. Бизнестің тиімділігі мен мобильді бұйымдар туралы дәрістерді қазақстандық және халықаралық сарапшылар: ДСБ Капитал I2BF Бас директоры Әділ Нұрғожин, бірқатар жобалардың жетекшісі, блогер және Еуропа Плюс радиосындағы «Стартап на миллион» бағдарламасының авторы, әрі жүргізушісі Данил Тонкопий (Украина), ZeroToOneLabs мобильді қосымшалар студиясының негізін қалаушы Арман Сүлейменов оқыды.

Байқау жетекшілері ұсынылған идеяларды іске асыру тиімділігі, жергілікті және әлемдік қауымдастық үшін өзектілігі, ауқымдылығы және бірегейлігі тұрғысынан бағалады.

— «Қазақстанда 4G дәуірі басталды, бұл трафик тұтынудың жаңа көлемі, онлайн-сауда мен нақты ақшасыз төлемдер саласындағы жаңа мәдениет. Мобильді қосымшалар – бұл біздің шынайы өміріміз және қазақстандық стартаптардың дамып келе жатқанын көру өзгеше қуаныш. Бұл күрделі үрдіс, бірақ мұндай әрекеттерсіз ілгері жылжу мүмкін емес. Біз өз кезегімізде, қосымшаларды жаңа жасай бастағандарды қолдауға арналған тиімді құралдар ұсынамыз. Біздің Eurasia Mobile Challenge байқауымыз – бұл ынталандырушы жарыс сәті, оқыту вебинарлары, халықаралық сарапшылармен және тәлімгерлермен кездесу, осы атмосфераға ену, сонымен қатар идеяны іске асыру үшін тамаша ақшалай грант алу. Біз өз бойымыздан мобильді қосымшалар саласын дамытуға арналған тамаша түрткі болар күш сезінеміз», — деп Beeline Қазақстанның Корпоративтік қатынас жөніндегі директоры Алексей Бендзь өз пікірін білдірді.

Байқаудың бүкіл қатысушылары «Стрелка» Vector (РФ) Институты мен кәсіпкерлік саласындағы халықаралық және ресейлік сарапшылар құрған екі танымдық курсқа тегін қатысу мүмкіндігіне ие болғанын естеріңізге саламыз. Курстар мобильді қосымшалар саласындағы стартаптарды дайындауға арналған білім береді.

Байқаудың жергілікті кезеңі 2016 жылы желтоқсанда өтеді, мұнда қатысушылар өз елінен шыққан бәсекелестерімен жарысқа түседі. Қазылар 24 команданы (әр елден 3 команда) аймақтық кезеңнің ақтық байқауына шақырады. Аймақтық ақтық байқаудың 3 жеңімпазы ақшалай жүлде мен Барселонадағы Mobile World Congress 2017 конгерсінде өтетін ақтық байқауда жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

Еуразиялық инновациялар байқауын «ВымпелКом Ltd» Тобы Make Your Mark («Ізіңді қалдыр») әлеуметтік танымдық бағытын қолдау аясында өткізуде.

Байқауға қатысу өтініші 2016 жылғы 31 қазанға дейін қабылданады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24