Beeline корпоративтік клиенттерге арналған 3G және 4G интернет арқылы кеңселік интернетті резервтеу қызметін ұсынады

Beeline Қазақстанның корпоративтік бағыты – Beeline Business кеңсе интернетіне қосылған клиенттерге арналған 3G және 4G желілері арқылы сымды интернет-арнаны резервтеу түріндегі үздіксіз интернет-қосылыстың бірегей қызметін ұсынады.

Қызмет интернетке қосылудың тәуелсіз екі технологиясын – сымды және сымсыз – біріктірудің арқасында, интернетке тұрақты түрде қосылуға кепілдік беру мүмкіндігін ұсынады. Сымды интернет арна арқылы қосылыс үзілген жағдайда, арнайы Wi-Fi-модем арқылы 3G немесе 4G арналары бойынша қосылу мүмкіндігі бірден ұсынылады

«Интернет пен қосымшалардың үздіксіз жұмыс істеуі, тұрақты жұмыс үдерісі мен нәтижелі өндіріске жағдай жасайды. Beeline ұсынған арнайы қызмет корпоративтік клиенттерге, кеңседе немесе бизнес-орталығында сымды интернет болмай қалған жағдайларда да бизнес-үдерісті тоқтатпауға мүмкіндік береді. Технологияны қолдана отырып, серіктестеріміз бір жабдықтаушыдан 3G/4G интернетті, Wi-Fi мен USB-модемдерді, қосылуға кететін қосымша шығындарсыз алады», — деп Beeline Қазақстанның Корпоративтік сату жөніндегі директоры Рауан Қабдырахимов өз пікірін білдірді.

Beeline Business – бұл байланыс пен мобильді және тұрақты байланыс жөніндегі кешенді шешімдердің мультисервистік өткізушісі. Beeline Business клиенттері мәліметтерді жолдаудың әртүрлі технологияларына, қорғалған корпоративтік желілерге, тұрақты және мобильді телефонияға, 185-тен астам елдегі роумингке, сондай-ақ тағы басқа да қызметтерге қол жеткізе алады. Клиенттер бизнесінің тиімділігін арттыру үшін, Business Link (FMCN), Beeline Business Box, GPRS Corporate Access, Beeline Навигатор, SMS Клик, Mobile Device Management тәрізді заманауи қызметтер жүзеге асырылды. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24