Beeline шексіз Zvooq ұсынады

Beeline Қазақстан Zvooq музыкалық қызметімен бірлесе жұмыс істейтінін хабарлайды және өз клиенттеріне музыканы шексіз тыңдау мүмкіндігі мен қосымша ішіндегі шексіз трафикті ұсынады.

Ең ірі Zvooq музыкалық қызметі кез келген жағдай мен көңіл-күйге сай музыка топтамаларын ұсынады. Қызмет тізбесі 25 миллион тректен тұрады және ТМД-дағы ең ірі қосымша болып табылады. Zvooq қосымшасына Android және iOS мобильді қосымшаларынан қол жеткізуге болады. Мобильді қосымшаның функционалы телефонға жоғары сапалы музыканы жүктеу (HQ 320 кбитке дейін), сақталған музыканы оффлайн режимінде тыңдау, өз плейпарақшаңды жасау және оны достарыңмен бөлісу мүмкіндіктерін береді. Сондай-ақ Zvooq қосымшасында Shazam-ға ауысып, қызықты тректі білуге, оны тыңдауға және оны өз топтамаңа қосуға болады.

«Байланыс қызметтерін ұсынумен қоса, біз өз клиенттерімізге ойын-сауық қызметтерін ұсынамыз. Мысалы, қазір Beeline абоненттері өзіне ұнаған қызметтердің біріне жазылып, ойындар ойнай алады және шет тілдерін үйренуіне болады, тіпті фитнеспен айналысуына да мүмкіндік бар. Zvooq қызметімен бірге жұмыс істеу – клиенттерге Қазақстандағы ең ірі заңды музыка тізбесінің бірін ұсынуға мүмкіндік береді. Ұсынысымызға клиенттер лайықты бағасын береді деп үміттенеміз», — деп Beeline Қазақстанның Жалпы нарықты дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Евгений Настрадин өз ойымен бөлісті.

Премиум жазылу құны Beeline Қазақстан клиенттері үшін күніне 40 теңге тұрады. Қызметті тегін қолдану кезеңі – 30 күн. Премиум жазылуды қосу үшін AppStore / GooglePlay қызметтерінен қосымшаны жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркелсеңіз, жүйе ұсыныс жасайды.

Қолданушының музыка топтамасы қосымшада және www.zvooq.com сайтында үнемі сәйкестендіріліп отырады. Zvooq қосымшасындағы бүкіл музыканы құқық иелері лицензиялаған. Ресей, Әзербайжан, Армения, Белорусия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекстан қолданушылары толық тізімге қол жеткізе алады. Басқа елдерде шектеулер болуы мүмкін. 

Google


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24