«Үйдегі Интернет» қызметінің жылдамдығы 300 Мбит/сек дейін арттырылды

Beeline Қазақстан сымды үй интернетінің жылдамдығын 300 Мбит/сек дейін арттырғанын жариялайды. «Beeline» компаниясының жылдамдығы аса жоғары интернетін «Үйдегі Интернет» қызметінің Алматы қаласындағы бұрынғы және жаңа клиенттері бірінші болып байқап көреді.

Сымды интернеттің бастапқы аймағы Алматы қаласының Самал 1, 2 аудандарының 10 үйін қамтиды. Жылдамдық параметрлерін 3 есе арттыратын соңғы буындағы жабдық орнатылған. Бұған дейін Beeline компаниясының «Үйдегі Интернет» қызметінің максималдық жылдамдығы 100 Мбит/сек дейін жететін. Көпшілік таңдаған «Әрдайым» тарифтік жоспарлар желісінде 20, 40, 80 және 100 Мбит/сек дейінгі жылдамдық жіктелімі қазақстандық нарықтың барынша оңтайлы бағасымен ұсынылады.

Жаңа жылдамдықты сынауға қатысу үшін «100+» желісіндегі жылдамдығы 150, 200, 300 Мбит/сек акциялық тарифтік жоспарлардың бірі бойынша интернетті қостыру керек. Бұл ретте интернет құны күнделікті бағадан қатты өзгешеленбейді — айына 4 500 теңгеден басталады.

«2013 жылы 100 Мбит/сек дейінгі шекке Қазақстанда бірінші болып жеткен біз едік. Ол кезде бұл өте жоғары интернетке қатынау жылдамдығы болатын. Клиенттерімізге өте сапалы және енді пайда болып келе жатқан «ауыр салмақты» контентті алуға мүмкіндік берді. Сол кездерден бері интернет параметрлерін қайта қарап, 100 Мбит/сек тарифінен бас тартуды жөн көрдік, себебі пайдаланушыларымыз жылдамдық көрсеткіштері бұдан да жоғары ұсыныстарды артық көреді. Қазір бұдан әрі нық қадам баса отырып, пайдаланушыларымыз интернеттің барынша жақсы жағдайларының қызығын көруі үшін 300 Мбит /сек-қа тең жаңа жылдамдыққа қарай бет алдық», — деп айтады «2Day Telecom» ЖШС-нің (Beeline СБ) Жалпы нарықта сату жөніндегі коммерциялық директоры Сергей Нищев.

Тексеріс өткізіп, қызмет көрсету технологиясын жетілдіргеннен соң жылдамдығы аса жоғары интернеттің басқа аймақтарды қамту картасын кеңейту жоспарлануда. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24