Beeline Павлодардағы мүмкіндігі шектеулі балаларға компьютерлік сынып сыйлады

Beeline Қазақстан «Шексіз мүмкіндіктер» республикалық қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Жоба шеңберінде Павлодар қаласындағы «Самал» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталығы жаңа компьютер сыныбы мен тегін интернетке қол жеткізді.

«Самал» орталығы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді кешенді сауықтырумен айналысады. Ұйымға барлығы 140 адам келеді. Орталық балаларға медициналық қолдау көрсетіп, олардың қоғаммен әлеуметтік біріктірілуіне қоса, мәдени дамуына да көп көңіл бөледі. Балалар қалалық және республикалық шығармашылық байқауларына қатысып, әртүрлі жүлделер мен марапаттар иеленген. Орталық халықаралық конференциялар мен форумдар өткізіп тұрады, олардың басты тақырыбы – экологиялық таза кеңістіктегі салауатты өмір.

«Биыл ''Самал'' оңалту орталығының ашылғанына 20 жыл болды. Осы жылдарда мүмкіндігі шектеулі жастардың бүтін бір буыны жаңаша тәрбиеленді. Жастарымыз бүгінде бүлдіршіндерге арналған жобалар бойынша кеңесшілер мен менеджерлердің рөлін атқаруда. Аға буын мен кейінгі буынның бұл сабақтастығы сауықтыру және қоғаммен біріктіру жұмыстарында аса тиімді. Біріккен кезде біздің міндеттеріміз кеңейе түседі, ол тек денсаулық мәселелерін қарап қоймай, сонымен қатар бітімгерлік, экологиялық сұрақтарын да қамтиды. Біз қаланың театр өміріне араласып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген толерантты қарым-қатынасты таратудамыз», — деп «Самал» оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зинаида Багненко өз пікірін білдірді.

«Бүгінде мұндай ұйымдар өз алдарына жаңа мақсаттар қоюда. Мүмкіндігі шектеулі балалар орталықтары технологиялық дамуға тырысып, инновациялық жобаларға ұмтылуда. Мұндай жағдайда мамандарды даярлау, балаларды оңалтуға арналған жаңа жабдықтарды игеру қажеттіліктері туындайды. Жаңа белестерді бағындырудағы бұл батылдық тамаша нәтижелер беруде. Бұл – компаниямыздың мақсаттарымен үндеседі және біз мұндай бастамаларды қолдауға тырысамыз», — деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік сату директоры Рауан Қабдрахимов өз ойымен бөлісті.

Beeline Business корпоративтік брендінің әлеуметтік жобасы 2016 жылы қыркүйекте өзінің екі жылдығын атап өтті. Екі жыл жұмыс істеген соң бағдарлама өзгерді – енді Beeline тегін интернетке қоса, толық жабдықталған инновациялық компьютерлік сыныптарды да сыйға тартуда. «Самал» оңалту орталығы жоба қатысушыларының тізімінде 21-болды.

«Шексіз мүмкіндіктер» шеңберінде Павлодар, Алматы, Шымкент, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Атырау, Қызылорда, Тараз және Орал қалаларынан 13 мыңнан астам адам интернетке қосылды. Бұл — мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектептер мен кітапханалар, жастар үйлері, оңалту орталықтары, балалар үйлері және басқа да әлеуметтік мекемелер.

Жоба Қазақстандағы Vimpelcom тобының «Make Your Mark» («Ізіңді қалдыр») жаһандық әлеуметтік жобасының көшбасшысы болып табылады. 


comments powered by Disqus

Топ компаний

  1. ESET  367
  2. Intel  159
  3. Лаборатория Касперского  153
  4. Microsoft  149
  5. Samsung Electronics  148
  6. Google  74
  7. Dell  60
  8. Qiwi  35
  9. Cisco Systems  27
  10. McAfee  24